Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 56 "Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1390 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 19 қаңтарда N 5-1-24 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 820 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.05.12 № 820 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 1, 18-1 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 56 "Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы" (әділет Департаментінде 2005 жылғы 14 наурызда N 2225 тіркелген, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 47 "Рудный Алтай", 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 34 "Дидар" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
       Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіндегі:
      1) 2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік жұмыс орны-мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт жасасудың негізінде, олардың еңбек ақыларын төлеуге кеткен жұмыс берушінің шығынының орнын жартылай толтырумен құрылатын жұмыс орны";
      2) 3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "Осы ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 1, 7, 18-1 баптарына сәйкес әзірленген";
      3) 6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен жасасқан шарттың негізінде жүзеге асырылады".

      Өскемен қаласының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады