Әлеуметтік маңызы бар тауарларды және қызмет көрсетулерді жабдықтаушы-кәсіпорындармен жұмыс бойынша қалалық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы N 19 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 21 ақпанда N 2186 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 2050 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2007.07.16 N  2050 қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес азаматтардың құқығын қорғау және заңдылық мүддесін тиімді сақтау саласындағы мемлекеттің бірыңғай саясатын жүзеге асыру мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды қызмет көрсетулерді жабдықтаушы-кәсіпорындармен жұмыс бойынша қалалық комиссия құрылсын (бұдан былай-Комиссия).
       2. Тауарларды және қызмет көрсетулерді жабдықтаушы-кәсіпорындармен жұмыс бойынша комиссия туралы ұсынылған Ереже бекітілсін (қосымша).
       3. Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ю.А. Кудинов қала әкіміне заңнамадағы белгіленген тәртіпте соңынан Өскемен қалалық мәслихатының сессиясында бекіту үшін Комиссияның жеке құрамын келісімге тапсырсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Өскемен қаласы әкімнің бірінші орынбасары Н.Ш. Тлешевке жүктелсін.

      Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 15 ақпандағы
N 19 қаулысымен
бекітілген

Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 15 ақпандағы
N 19 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды және қызмет көрсетулерді
қоюшы кәсіпорындармен жұмыс бойынша қалалық комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы ереже

      1. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды және қызмет көрсетулерді жабдықтаушы-кәсіпорындармен жұмыс бойынша қалалық комиссия (әрі қарай мәтін бойынша-Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерін және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық-нормативтік актілерін, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Заңнамамен белгіленген тәртіпте Комиссияның дербес құрамы бекітілсін.

2. Комиссияның міндеттері мен құқығы

      4. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:
      1) әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызмет көрсетулерді жабдықтаушылардың ұсынған тариф жобасын талдау (бағасы, жинау ставкасы), қолданыстағы тариф (бағасы, жинау ставкасы) мониторингін жүзеге асыру;
      2) әлеуметтік маңызы бар тауарларға және қызмет көрсетулерге тариф жобасы бойынша (бағасы, жинау ставкасы) ұсыныстарды өңдеу, қажет болған заңнамамен бекітілген тәртіпте көпшіліктің алдында тыңдалуымен қала әкімінің қарауына енгізу;
      3) қалада тариф саясатының енгізілуі бойынша әлеуметтік-маңызы бар тауарлар мен қызмет көрсетулерді жабдықтаушылармен жұмысты жетілдіру жөнінде өкілетті органдарға ұсыныс енгізу;
      4) Комиссия құзырына қатысты басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      5. Өзінің міндеттеріне сәйкес Комиссияның келесідей құқықтары бар:
      1) орталық атқару және басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдармен өзара іс-әрекеттер жасауға;
      2) Комиссия мәжілісіне шақыруға және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін Комиссия құзырына кіретін сұрақтары бойынша тыңдауға;
      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссия міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды алуға және сұрауға;
      4) Комиссия құзыретіне қатысты қажетті материалдарды өңдеу үшін ұйымдар мен мамандарды тарту арқылы сараптама және жұмыс тобын ұйымдастыруға.

3. Комиссияның іс-әрекеттерін ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасары, хатшысы және Комиссия мүшелерінен тұрады.
      7. Комиссия төрағасы олардың іс-әрекеттеріне басшылық жасайды, мәжілістеріне төрағалық етеді, олардың жұмыстарын жоспарлайды, қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төрағаның болмаған кезеңінде оның қызметтерін орынбасары орындайды.
      8. Комиссия хатшысы жұмыстарды ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және комиссия мәжілісінен кейінгі хаттамаларды ресімдеуді жүзеге асырады.
      9. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия хатшысы қала әкімі аппаратының қызметшісі болып табылады және оны комиссия төрағасы тағайындайды.
      10. Комиссия мәжілісі қажеттігіне қарай өткізіледі. Комиссия мәжілісі Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда өкілетті деп саналады.
      11. Мәжілістің күн тәртібі, сонымен қатар өткізетін уақыты мен орнын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің келісімімен анықтап және нақтылайды.
      12. Комиссия шешімі кеңестік сипатта болады және ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқықтары бар, егер ол мазмұндалса жазбаша жазылуы және Комиссия хаттамасына қоса тіркелуі тиіс.

      Өскемен қаласы әкімі
      аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады