"Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережесі туралы" 2004 жылғы 29 шілдедегі N 7/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 27 сәуірде N 2319 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының V сессиясының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 5/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының V сессиясының 2012.05.24 N 5/2-V шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
       1. Өскемен қалалық мәслихатының 2004 жылғы 29 шілдедегі N 7/6 "Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережесі туралы" ("Дидар" газетінде 2004 жылғы 28 тамызда, "Рудный Алтай" газетінде 2004 жылғы 26 тамызда жарияланған, тіркеу нөмірі 1912) шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
       2. Осы шешім өз күшіне әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енеді.
       3. Осы шешім 2005 жылғы 1 мамырдан бастап іске қосылады.

      Сессия төрағасы

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Қалалық мәслихаттың
2005 жылғы 14 сәуірдегі
N 13/4 шешіміне қосымша

Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын
қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді
қорғау Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар

1 бөлім. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

      6 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті орган-атқарушы органның шешімімен белгіленген мемлекеттік мекеме".
      8 тармақта 1 тармақша "көркейту элементтері" деген сөздерден кейін "ұзындығы бойынша-құрылыс аумағы көлемінде, енінен-екі жақта құрылыс жүрген кезде өту жолдың ортасына дейін және бүкіл ені бойынша құрылыс бір жақта жүрген кезде, ал трамвай қозғалысы бар көшелерде-трамвай жолдарының ортасына дейін" деген сөздермен толықтырылсын.
      8 тармақта 3 тармақша жаңа редакцияда жазылсын: "белгіленген аумақтың периметрі бойынша 10 метр қашықтықтағы аумақ".
      Ескерту. 8-тармақтың 3) тармақшасына өзгеріс енгізілді - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIV сессиясының 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешімімен.

3 бөлім. Қала аумағын тазарту тәртібі

      15 тармақ "қоғамдық ұйымдар" деген сөздерден кейін "жеке пәтер иеленуші кооперативтері, кондоминиумдар", "бекітілген аумақтар" деген сөздерден кейін "арнаулы белгіленген орындарда орнатылған контейнерлік алаңшаларда өздерінің қалыпты контейнерлеріне қоқысты жинайды" деген сөздермен толықтырылсын.
      19 тармақ "тиісті техникалық", деген сөздерден кейін"және санитарлық" деген сөздермен толықтырылсын.
      22 тармақ "10 метр" деген сөздерден кейін "жиналған қоқысты өздерінің контейнерлеріне жинайды" деген сөздермен толықтырылсын.
      25 тармақ мынадай мазмұндағы 4 және 5 тармақшаларымен толықтырылсын:
      "4) стационарлық дәретханалар жоқ қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, ашық алаңдарда, кәуәп жасайтын орындарда, киоскілерде, сауда павильондарында және т.б. қызметкерлер мен келушілерге міндетті шарттың бірі көшірмелі дәретхана орнату болып табылады;
      5) канализациясы жоқ рыноктарда-қоғамдық дәретханалар сауда орнынан 50 м кем емес қашықтықта орналастыру керек. Есептеу орынның саны әр 50 сауда орнына бірден аз болмау керек".
      26 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жағажайдың техникалық жұмысшылары оны жапқаннан кейін жағаның, шешінетін орындардың, дәретханалардың, жасыл аймақтың негізгі жинауын, дәретханаларға дезинфекция жүргізу керек. Жиналған қоқыстарды шығаруға сағат 8.00-ге дейін рұқсат беріледі".

4 бөлім. Қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды
жинау және шығару тәртібі

      32 тармақ келесі абзацпен толықтырылсын:
      "Арнайы кәсіпорынмен шарт жасаған кезде ҚТҚ полигонға жеткізу үшін, ҚТҚ жинаған орнын көрсету қажет. ҚТҚ өзінің арнайы көлігімен шығарған кезде қолданыстағы ҚТҚ жинау нормасына сәйкес, тұрғын үй секторындағы тұрғындардың санына пропорционалды қоқыс төгетін жерге қабылдағаны туралы ҚТҚ полигонының түбіртектері болу қажет".
      33 тармақ келесі абзацпен толықтырылсын:
      "Әр кәсіпорынның, қоғамдық ұйымның, ЖПИК-нің, кондоминиумның және басқа құрылымдардың өз баланстарында бөлінген жерде контейнерлер міндетті түрде болу керек".

7 бөлім. Қала аумағында кіші сәулеттік нысандарды
орнату және ұстау тәртібі

      48 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Балансында құрылымдары бар, үй жайларды жалға алатын меншік түрінен тәуелсіз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, заңды және жеке тұлғалар көшелер, алаңдар, жағалаулар мен басқа қоғамдық орындарға шығатын ғимараттардың қасбеттерін мерекелік әшекейлеу бойынша жұмыстарды орындауға ерікті".
      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIV сессиясының 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешімімен.

9 бөлім. Жасыл желектерді ұстау және қорғау тәртібі

      77 тармақ келесі абзацпен толықтырылсын:
      "Меншік түрінен тәуелсіз, жер жамылғысының бұзылуына байланысты өндіріс немесе басқа құрылыспен айналысатын құрылыс және басқа ұйымдар жасыл құрылыста пайдалану үшін жердің құнарлы қабатын алу және сақтау, сонымен бірге жұмыстарды жүргізген кезде бұзылған жер телімдер мен жасыл желектерді құрылысты бітіргеннен кейін жедел өзінің қаражат есебінен қалпына келтіруге міндетті".
      80 тармақ 8, 9, 10 тармақшаларымен толықтырылсын:
      "8) ауыл шаруашылық зиянкестер және аурулармен, карантиндік арамшөптермен өз күштерімен немесе өсімдіктерді қорғау станцияларымен шарт жасау бойынша жүйелі күрес жүргізілсін.
      Көгалдарда, саябақтар мен басқа жасыл желектердің жерлерінде көлік құралдарын қоюға тыйым салынады;
      9) жапырақтар түсу кезінде түскен жапырақтарды уақытылы жинау керек. Жиналған жапырақтар арнайы бөлінген телімдерге немесе компостау даласына шығарылсын. Тұрғын үй құрылысы аумағында, саябақтар мен парктерде жапырақтарды жағуға тыйым салынады;
      10) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасыл қордың сақталуы қамтамасыз етілсін".

12 бөлім. Сауда кәсіпорындары мен тұрғын ғимараттарында
орналасқан халыққа қызмет көрсететін пункттердің
аумағын және қасбеттерін жөндеу

      97 тармақ, 5 тармақша "көлік жолының жүру бөлігі" деген сөзден кейін "көшелер, алаңдар мен басқа қоғамдық орындарға шығатын ғимараттардың қасбеттеріне көмескі жарық орнату" деген сөздермен толықтырылсын.

14 бөлім. Жер пайдаланушылар мен қала аумағында
жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін тұлғалардың міндеттері

      103 тармақ, 3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "құрылыс кезінде оның учаскелерінде құрылыс аумағынан шыққан автокөлік дөңгелектерімен ластанған автожолдарды және бекітілген аумақ шегіндегі қоршауға іргелес аумағында тазарту жұмыстарын жүргізу"
      Ескерту. 103-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIV сессиясының 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешімімен.
      104 тармақ Ережелері 115 тармаққа ауыстырылып "Осы Ережемен тыйым салынған іс-әрекеттер" жаңа 17 бөлімге көшірілсін.
      15 бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "15 бөлім. Елді мекендерді санитарлық тазарту бойынша уәкілетті органдар мен қызметтердің міндеттері".
      Бөлім құрамына келесі тармақтар енгізілсін:
      "104. Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңына сәйкес қала көшелері, аулалары мен басқа аумақтар және жалпы пайдаланудағы қоғамдық орындар мен жағажайларда санитарлық ұстау ережелерінің сақталуына бақылау қадағалау органдарымен бірге полиция органдарымен жүзеге асырылады.
      105. Үй иелері (пайдаланушылар), кондоминиум объектілерін басқару органдары:
      1) қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруға шарттар жасасуға;
      2) түсіндіру жұмыстарын жүргізу және елді мекендердің аумағында санитарлық ұстау ережелерін сақтау бойынша іс-шараларды орындауға халықты ұйымдастыруға;
      3) қоқыс жинайтын урналар мен ірі габаритты қоқысқа су өткізбейтін жамылғысы бар алаңшаларды орнатуға;
      4) тұрмыстық қалдықтар, көше мен аула сыпырындыларын салуға қолданатын жинағыштар мен жабдықтармен қамтамасыз етуге;
      5) қоқыс жинайтын камералар, алаңшалар мен жинағыш тұратын орындарды тұрақты жуу, дезинсекция және дезинфекция жүргізу бойынша шаралар қолдануға міндетті.
      106. Қоқысты жинайтын кәсіпорындар:
      1) үйлер, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар аумағынан уақытылы (шартқа сәйкес) қоқыстардың шығаруын жүргізуге;
      2) әр арнайы көлікке қозғалыс сызбасымен бағыт кестесін жасауға;
      3) өзгерген пайдалану талаптарына сәйкес бағыт кестесін түзетуге;
      4) бекітілген бағыт кестесінің міндетті орындауын қамтамасыз етуге;
      5) азаматтардың меншік құқығына жататын салынып жатқан үйлердің аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтардың жоспарлы-тұрақты тазартуын аптасына екі реттен кем емес жүргізуге міндетті.
      107. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің мамандары келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету керек:
      1) елді мекенде санитарлық тазартуды ұйымдастыру бойынша жергілікті басқару органдардың шешімдер жобасын дайындауға қатысуын;
      2) қатты тұрмыстық қалдықтар мен өндіріс қалдықтар полигонын орналастыру және жобалау, қаланы санитарлық тазарту сызбасын т.б. мәселелер бойынша құжаттарды қаралуын және келісілуін;
      3) елді мекендердің санитарлық жағдайына байланысты халықтың ауыруын зерттеу және талдауын;
      4) эпидемиологиялық жағдайға байланысты аумақтың тазалау мен жинау бойынша жүргізілген рейдтер жөнінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органдарының басшыларына ұсыныс беруін;
      5) тұрғын үй органдары мен кәсіпорындар мамандарына эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қалдықтардың жинау, жою және шығаруын ұйымдастыру бойынша нұсқамалар мен санитарлық минимум жөнінде сабақтар жылына бір рет, қажет болса одан да жиі өткізілуіне;
      6) жоспарға сәйкес қоғамдық санитарлық инспекторларға оқу жүргізу, қоғамдық санитарлық инспекторлардың кеңестерін құру және оның жұмысымен басқаруын;
      7) қала аумағының санитарлық жағдайына бақылау жүргізу және бұзушыларға әкімшілік шаралар қолдануын.
      108. ҚІІБ учаскелік инспекторлары:
      1) бекітілген аумақтың санитарлық жағдайына тұрақты бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
      2) санитарлық тәртіпті бұзған тұлғаларды анықтап және тиісті органдарға белгіленген тәртіппен оларға құжаттар дайындайды;
      3) тұрғындардың, меншік түрінен тәуелсіз кәсіпорындар мен ұйымдардың аулаларда және көшелерде өз еркімен қоқыс орындарын жасаудың және оны жағудың алдын алады.
      109. Қала аумағына жоспарлы-тұрақты жинау ұйымдастырған кезде қолданыстағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек:
      1) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жобалау және пайдалану нұсқасын;
      2) елді мекендердің аумағын механикалық жинау технологиясын ұйымдастыру нұсқасын;
      3) тұрмыстық қалдықтарды жинау және оны малға жемге пайдалану тәртібі туралы ветеринарлық-санитарлық ережесін;
      4) тамақ қалдықтарын жинау және шығару нұсқасын.
      110. Осы Ережені бұзған заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-II әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады".
      16, 17 бөлімдер, келесі мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:

      "16 бөлім. Көлік құралдарының жүргізушілерімен Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау Ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық істерінің қаралуын қамтамасыз ету.

      Ескерту. 16-бөлім алынып тасталды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIV сессиясының 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешімімен.

17 бөлім. Осы Ережемен тыйым салынған іс-әрекеттер

      114. Тыйым салынады:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының келісімісіз тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңшаларын орналастыруға;
      2) санитарлық тазарту мен жинау бас сызбасын, қоқысты шығару кестесін бұзуға;
      3) қоқыстарды, қоқыр-соқырды, мұздың қалдықтарын, ласталған қарды құдықтар мен су қоймаларға, көгалдарға, ағаштар мен бұталардың астына, жолдардың, жаяусоқпақтар мен трамвай жолдарының жүру бөлігіне тастауға;
      4) көшелерде, иен далада, орман аймағына, жолдар, өзендер және басқа су қоймалардың бойында және де осы мақсаттарға бөлінбеген барлық басқа жерлерде әр түрлі құрылыс, тұрмыстық және тамақ қалдықтарын тастауға;
      5) көшелер, өзендер мен басқа су қоймалардың, су құбырлар мен құдықтардың, тұрғын үй ғимараттардың қасында көліктерді, тракторларды жууға;
      6) көшелерде, аулаларда және басқа жалпы пайдаланудағы орындарда бос сауда лотоктар мен ыдыстарды және басқа жылжымалы сауда жабдықтарды, сауда біткеннен кейін жинауға келетін қоқыстарды, қоқыр-соқырды, қар мен мұздың, құрылыс және басқа қалдықтарын қалдыруға;
      7) көшелерде құрылыс материалдарды, отындар мен көмірді үйіп тастауға;
      8) өзендер мен су қоймаларын өндірістік қалдықтармен ластауға;
      9) бөлінбеген орындарда киоскілерді, дүкеншелерді, павильондарды орнатуға;
      10) үйлердің қабырғаларына, көше жарықтандыру тіректеріне, ағаштар мен басқа бөлінбеген жерлерге әр түрлі жарнамаларды ілуге;
      11) көшелер мен аулалардың аумағына тамақтың жуындысын, қоқыр-соқырды төгуге, қоқыс пен жапырақтарды жағуға;
      12) қыста су құбырлардың, жылу жүйелердің, канализацияның апатын жою кезінде суларды нөсерлі канализацияға төгуге;
      13) аумақтың ластануына әсер ететін жүкті дұрыс салмай, шанағы жөнделмеген көлікпен жүруге;
      14) ашық шанақтарда, тысы жоқ көлікте сусымалы жүктерді, екінші қайтара шикізатты, макулатураны тасуға;
      15) қашаны көшенің "қызыл сызығынан" кейін шығара отырып құрылыс алаңшаларға қоршау жасауға;
      16) қала аумағына өз еркімен қазу жұмыстарын жүргізуге;
      17) инженерлік жүйелерде апатты жойғаннан кейін қазылған жерді су топырақпен жабуға;
      18) қала аумағына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу бойынша мерзімдерді бұзуға;
      19) контейнерлерді тұрмыстық мағынасы бар ірі габаритті заттар мен құрылыс материалдармен толтыруға, оларға сұйық қалдықтарды құюға, қоқысты жағуға;
      20) мемлекеттік қорғауға жататын объектілерде, парктерде, саябақтарда уәкілетті органдардың рұқсатысыз тұрақты немесе уақытша құрылыс салуға жер телімдерін беруге;
      21) жолдар мен жаяусоқпақтардың жүру бөлігінде газды, канализациялық, жаңбыр суын қабылдайтын басқа да қоршалмаған құдықтарды қалдыруға;
      22) көшелер, саябақтар, бақтар, орман парктер, стадиондар, мектеп жанындағы телімдерде және жалпы пайдаланудағы басқа орындарда малды бағуға және айдауға;
      23) белгіленбеген жерлерде иттерді жүгірту және олардың нәжістерін жинамай қалдыруға;
      24) қала көшелерінде шынжыр табанды көлікпен жүруге;
      25) жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің аумағын көкөніс пен басқа ауыл шаруашылық дақылдарын салуға пайдалануға;
      26) бар құрылғыларды (жол жамылғысы, жиектер, құдықтардың қақпақтары, ақаба судың торлары, науалар, кюветтер, құбырлар, дренаждар, геодезиялық белгілер) бүлдіруге, жол және жер жұмыстарын жүргізуде жасыл желектерді бұзуға, сонымен бірге оларды жермен жабуға; жылумен-сумен қамту жүйелері мен канализацияның бүлінуін жойған кезде суды жаяусоқпақтар, көгал мен жолдың өту бөлігіне жіберуге;
      27) кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақтарында, көшелер мен көгалдарда, тұрғын үй кварталдарында, жеке меншік телімдерде қоқысты, жапырақтарды жағуға;
      28) хабарландыруларды, жарнамаларды т.б. өз еркімен жапсыруға тыйым салынады;
      29) жасыл желектер аумағында:
      1) көгалдарда жүру, жасыл желектерді сындыру, жұлу немесе кесуге;
      2) жолдарды тазалау мақсатында тұзды және басқа да жасыл желектерге зиянды заттарды қолдануға;
      3) көлікпен, мотоциклмен, велосипедпен және басқа көлік құралдарында (арнайы көліктен басқа) жүруге;
      4) көгалдарда, жасыл қоршаулардың қасында жолаушылар көлігінің аялдамаларын орнатуға;
      5) алау жасауға, басқа өртке қарсы ережелерді бұзуға;
      6) ағаштарды электр сымдарын, сымдарды тартуға, әткеншек жасауға пайдалануға;
      7) белгіленген мерзімнен тыс және кесу ережелерін сақтамай ағаштардың басын қиюға;
      8) тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің келісімісіз өз еркімен ағаштар мен бұталарды кесуге;
      9) өз еркімен қашаларды орнатуға тыйым салынады".

18 бөлім. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік

      116. Осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасымен қарастырылған, санкциялар қолданылады.

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады