Өскемен қаласының әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 811 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 7 маусымда N 2360 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 456 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.04.23 N 456. қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы" Жарлықтарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Өскемен қаласы әкімдігінің жанында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылсын (бұдан әрі-Үйлестіру Кеңесі).
       2. Үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін (1 қосымша).
      3. Өскемен қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы туралы ұсыныстарды дайындасын (М.Қ. Естаулетов).
      4. Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясына бекітілуге енгізілсін.
      5. Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын (2 қосымша).
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторына жүктелсін (Д.Ә. Құрманов).

      Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 19 мамырдағы
N 811 қаулысымен бекітілген

Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 19 мамырдағы
N 811 қаулысына 1 қосымша

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
Үйлестіру Кеңесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі-Кеңес) Өскемен қаласы әкімінің жанындағы кеңес беру-кеңесуші органы болып табылады, атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін құрылды.
      2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес Кеңес өз қызметін жүзеге асырады.
      3. Кеңестің құрамын қала әкімі анықтайды және қалалық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

2. Үйлестіру Кеңесінің негізгі міндеттері:

      1) атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп және заңдылықты нығайту;
      2) қаладағы қылмыстық жағдайды талдау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс-шараларды қарау және бекіту;
      3) Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің және әкімнің актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілердің орындалу жағдайын қаланың атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарының қызметін зерттеу;
      4) атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарына қалада құқықтық тәртіп пен мен заңдылықты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстарды дайындау болып табылады.

3. Үйлестіру Кеңесінің қызметі:

      1) Кеңестің мәжілістерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру сұрақтарын қарастырады;
      2) атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар жетекшілерінің қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін ұйымдастыру жөніндегі есеп берулерін тыңдайды;
      3) жоғарыда көрсетілген жұмысты жақсарту жөніндегі ұсыныстарды дайындайды;
      4) Үйлестіру Кеңесіне жүктелген басқа да функцияларды орындайды.

4. Үйлестіру Кеңесінің өкілеттілігі

      4. Үйлестіру Кеңесі негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру барысында Үйлестіру Кеңесі:
      1) Үйлестіру Кеңесінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге және ұсыныстарды енгізуге;
      3) Үйлестіру Кеңесінің мәжілістеріне материалдар дайындау үшін құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерін тартуға құқығы бар.

5. Үйлестіру Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

      1. Үйлестіру Кеңесі жоспарға сәйкес жұмыс істейді, мәжілістер қажеттілігіне қарай тоқсанына бір реттен кем өткізілмейді.
      2. Үйлестіру Кеңесінің мәжілістерін төраға жүргізеді.
      3. Үйлестіру Кеңесінің мәжілістері хаттамамен ресімделеді. Мәжілістің қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленеді, оны Төраға бекітеді.

      Өскемен қала әкімнің
      бас инспекторы

Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 19 мамырдағы
N 811 қаулысымен бекітілген

Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 19 мамырдағы
N 811 қаулысына 2 қосымша

Қала әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 2711 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 339 "Өскемен қаласы әкімі жанындағы қылмыстылықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі оперативтік штаб туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы" қаулысы.
      2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 339 "Өскемен қаласы әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жедел штаб туралы" қаулысы.

      Өскемен қала әкімнің
      бас инспекторы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады