Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 410 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 305 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4531 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 123 қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  123  қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 410  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4005 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесінің:
      1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4), 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) ашық валюталық позиция - бұл жинақтаушы зейнетақы қорының жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын (талаптарды) міндеттемелерді жинақтаушы зейнетақы қорының сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда күшейтуі;
      5-2) ұзақ валюталық позиция - бұл жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерін) жинақтаушы зейнетақы қорының сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
      5-3) қысқа валюталық позиция - жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерді) жинақтаушы зейнетақы қорының сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
      5-4) жинақтаушы зейнетақы қорының валюталық нетто-позициясы - барлық шетел валюталары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының ұзақ позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетел валюталары бойынша қысқа позициялардың жиынтық сомасының арасындағы айырмашылығы;";
      "17) инвестициялық декларация - активтері инвестициялық басқаруда болатын жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасының барлық аумағында он бес мыңнан төмен емес дана таралымымен таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында басылған инвестициялау объектілерінің тізілімін, мақсаттарын, стратегияларын, шарттарын және зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын белгілейтін құжат.";
      8) тармақшада "кредиторға (инвесторға)" және "заемшының (эмитенттің)" деген сөздер тиісінше "инвесторға" және "эмитенттің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы;";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      Осы ереженің 3-қосымшасындағы 9, 11-жолмен, "Талаптар критерийі" деген бағанадағы 12-жолдағы бірінші абзацпен, "Талаптар критерийі" деген бағанадағы 16-жолдағы алтыншы абзацпен, 18, 19-жолмен, "Талаптар критерийі" деген бағанадағы 21-жолдағы екінші абзацпен, 23-жолмен;
      осы ереженің 4-қосымшасымен;
      осы ереженің 5-қосымшасының "Талаптар критерийі" деген бағанадағы 1-жолдағы үшінші абзацпен, 2-жолмен;
      осы ереженің 6-қосымшасындағы 10, 18, 27-30, 34, 37, 39, 41-56, 58, 60-жолмен;
      осы ереженің 7-қосымшасындағы 5, 6, 7, 10, 11, 13-26-жолмен анықталған қаржы құралдарымен операцияларды дербес жүзеге асырмайтын жинақтаушы зейнетақы қорларына тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын мынадай талаптар таралмайды";
      "Талаптар критерийі" деген бағанадағы 1-жолдың үшінші абзацымен;

      3-қосымшада:
      1-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1.

Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративті стратегияны қалыптастырды.

 

  Жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративті стратегиясында жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан он жылға дейін) мақсаттары анықталды.
  Жинақтаушы зейнетақы қорының ұзақ мерзімді стратегиясы бұрын жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне жағымсыз әсер еткен факторларды болдырмау мақсатында жасалды және тұрақты жетілдіріледі. Директорлар кеңесі инвестициялық декларацияны бекітті.

  

  

2.

Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді.

  Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді, оның ішінде:
жинақтаушы зейнетақы қорының мүддесіне байланысты дауларды реттеу жөніндегі тәртіпті;
функциялары тәуекелдерді басқару жөніндегі рәсімдердің орындалуын көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;
тәуекелдерді басқару тәртібін;
ішкі аудит жөніндегі тәртіпті;
ішкі бақылау жөніндегі тәртіпті;
есепке алу саясатын;
ақпараттық қауіпсіздік тәртібін.

  

  

3.

Директорлар кеңесі ішкі аудитті жүргізу тәртібін бекітеді. 

 

Ішкі аудит бойынша құжаттарда ішкі аудит қызметінің директорлар кеңесіне және жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасына әрбір тексерулердің нәтижелерін ұсынудың оңтайлы мерзімдері көзделеді.
Ішкі аудит қызметінің өкілеттігі бөлімше үшін орындалуы міндетті болып табылатын жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді, сонымен қатар оларды жүзеге асыру тәсілдері мен талаптарын тікелей бөлімшелер белгілейді.
Ішкі аудит қызметі жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшелері ішкі аудит қорытындысы бойынша қабылданатын іс-шараларды және оларды оңтайлы орындау мақсатында жүргізген және жоспарланған мониторингті жүзеге асырады.
Ішкі аудит қызметі қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, жинақтаушы зейнетақы қорында қосымша ықтимал тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.
Басқарма әрбір тексеру қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің аудиторлық есебіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау бойынша директорлар кеңесіне ұсыныстар береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

";

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-жолмен толықтырылсын:

"

3-1.

Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне басқару есептілігі жүйесінің ішкі аудит қызметі ұсынған аудиторлық есептерін, сондай-ақ сыртқы аудиторлардың аудиторлық есептерін ұсыну арқылы мониторинг жүргізеді.

 

 

 

 

Ішкі аудит қызметі уәкілетті органның ықпал ету шаралары мен өзге талаптарын, ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын орындауына, жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауына бақылау жасайды.
  Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты тиісінше алады, жинақтаушы зейнетақы қорының толығымен ағымдағы қаржы жылына жоспарланған жинақтаушы зейнетақы қорының жету мәніне арналған қызметіне талдау мен бағалау жүргізеді.
  Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту жөніндегі сыртқы аудиторлардың аудиторлық есебін талдайды.

  

  

3-2.

Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

  Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының толығымен ағымдағы жылға жоспарланған мақсатына жетуге арналған қызметін талдайды.
  Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларының орындалмау себептерін және өзге талаптарын анықтауға, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалмауына бақылау жасайды.
  Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріндегі мүдделердің болуы мүмкін дау-дамайларына талдау жасайды.
  Директорлар кеңесі өзінің өкілеттіктері шегінде ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштеріне жинақтаушы зейнетақы қорының қызметінің нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма мүшелеріне шаралар қолдана алады.

  

  

3-3.

Директорлар кеңесі қысқа мерзімге жылдық бюджетті/қаржылық жоспарды құрастыру және ұзақ мерзімге стратегиялық жоспарлау тәртібін, басқару есептілігінің нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекітеді.

Басқарма жылдық бюджеттерді және стратегиялық жоспарларды құрастыруды ағымдағы және болашақтағы бәсекелестікті, экономикалық орта мен Қазақстан Республикасының заңнамасын, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының қосымша қажетті мөлшерін ескере отырып, жүргізеді.
Басқарма директорлар кеңесі мен жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлеріне жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы қаржылық және басқару есептілігін ұсынады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
";

      4-жолда:
      "Талаптар атауы" деген бағанадағы "ай сайын" және "ай" деген сөздерді тиісінше "кезең-кезеңімен" және "кезең" деп ауыстырылсын;
      "Талаптар критерийі" деген бағанада:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесі ай сайын талдауға мынадай есептерді алады:";
      үшінші абзацтағы ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Директорлар кеңесі тоқсан сайын талдауға мынадай есептерді алады:";
      сегізінші абзац алып тасталсын;
      5-6-жол алып тасталсын;
      7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

7.

Басқарма жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының ұйымдастыру-функционалдық құрылымын қалыптастырады.

  Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастыру-функционалдық құрылымының мәселелері бойынша ішкі құжаттар реттейді, оның ішінде:
  тәуекелдерді басқару жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қоры бөлімшесінің жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізетін операцияларға байланысты негізгі тәуекелдерді тәуелсіз талдау және бағалауға жауап беретін өкілеттігі;
  жинақтаушы зейнетақы қорының өз функционалды міндеттеріне сәйкес келетін органдарының құрылымын;
  жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттігін;
  есепті жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қызметіне баға беру тәртібі, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметіндегі мақсатты көрсеткіштерін жинақтаушы зейнетақы қорымен орындалмағаны үшін шара қолдану немесе жауапкершілікке тартуын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
";

      8-жол алып тасталсын;
      "Талаптар критерийі" деген бағананың екінші абзацындағы 9-жолының "Басқарма" деген сөз "Жинақтаушы зейнетақы қорының тәуекелдерді басқару қызметін жүзеге асыратын бөлімшесі," деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-жолда:
      "Талаптар атауы" деген бағанадағы "біліктілік талаптары" деген сөздер "қызметтік міндеттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Талаптар критерийі" деген бағананың бірінші абзацы алып тасталсын;
      15-жолда:
      "Талаптар атауы" деген бағананың", "инвестиция саясаты, хеджирлеу әдістерін пайдалану саясатымен" деген сөздер алып тасталсын;
      "Талаптар критерийі" деген бағананың екінші абзацы алып тасталсын;
      17-жол алып тасталсын;
      "Талаптар атауы" деген бағананың 20-жолындағы "Басқарма сақтау жөнінде тұрақты мониторинг жүргізеді" деген сөздер "Басқарма өткізу мен сақталуын қадағалайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

23.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің мониторингін жүзеге асырады, тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және тәуекелдердің деңгейін төмендету бойынша шараларды әзірлеуге қатысады. 

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
тәуекелдерді бағалау мен талдауға қажетті ақпаратты жинау процесін ұйымдастырады;
әдістемені әзірлейді және жетілдіреді, тәуекелдерді бағалау мен талдау процесін ұйымдастырады;
тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлайды;
тәуекелдерді басқару әдісін әзірлейді, оның ішінде зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу принциптерін;
тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің  қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары мамандығына тиісті өтіл және тәуекелдерді басқару бойынша қызметтік міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмыс тәжірибесі болуын көздейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі зейнетақы активтеріне ықпал етуді бағалау методикасын, қаржылық активтердің ішкі және сыртқы теріс динамикасы жағдайындағы кірістілігі мен өтімділігін пайдаланады.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше:
жинақтаушы зейнетақы қорының баланстық есептерін, сондай-ақ кірістер мен шығыстарын;
өтімділіктің төмендеуіне, қаржы құралдарға бағаның өзгеруіне талдау жасайды.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше зейнетақы активтеріне мынадай тиімділікке және өтімділікке факторлардың ықпал етуін болжайды:
ел тәуекелі;
валюталық тәуекел;
қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу тәуекелі;
эмитент рейтингінің өзгеру тәуекелі.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше стресс-тестингін өткізуді ұйымдастырады және оның нәтижелерін рынокта теріс факторлар көбейген кезде шұғыл әрекет ретінде пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
";

      24-жол алып тасталсын;

      4-қосымшаның:
      1-жолында:
      "Талаптар атауы" деген бағананың "қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды" деген сөздер "мәмілелермен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Талаптар критерийлері" деген бағананың:
      бірінші абзацтағы "қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды" деген сөздер "мәмілелермен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші абзацтағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "қаржы рыногының жағдайына байланысты баға тәуекелін анықтау;
      тәуекелдердің басқа түрлерін анықтау.";
      3-жол алып тасталсын;
      7-жолда:
      "Талаптар атауы" деген бағананың "жекелеген қаржы құралдары бойынша лимиттерді" деген сөздер "қаржы құралдары мен эмитенттердің топтары мен түрлері бойынша лимиттерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Талаптар критерийлері" деген бағананың:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Директорлар кеңесі кезең-кезеңмен жиынтық лимитті анықтайды.";
      екінші абзацтағы "қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын" деген сөздер "мәмілелерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Талаптар атауы" деген бағананың 8-жолындағы "әрбір қаржы құралы бойынша" деген сөздер "қаржы құралдарының әр түрлері бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Талаптар атауы" деген бағананың 9-жолындағы "баға тәуекелі бойынша" деген сөздерден кейін "және тәуекелдердің басқа түрлері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-жол алып тасталсын;
      "Талаптар критерийлері" деген бағананың 11-жолының бірінші абзацындағы "бекітті" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-жол алып тасталсын;

      5-қосымшада:
      "Талаптар критерийлері" деген бағананың 1-жолының екінші абзацындағы "өндірістік" деген сөз "операциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-жолмен толықтырылсын:

"

2-1.

Басқарма жинақтаушы зейнетақы қоры операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді бекітеді.

Ішкі аудит қызметі жинақтаушы зейнетақы қоры операцияларын кірістермен операцияларды жүзеге асыру кезіндегі заңсыздықтарды анықтау және алдын алу және жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы мен кірістерінің мөлшеріне тең емес тәуекелді қабылдауы мақсатында тексереді.

 

 

 

 

 

 

";

      4-жолда:
      "Талаптар критерийлері" деген бағанада:
      бірінші абзацтағы "қызметкерінің", "жүзеге асыратын", "жауап беретін" деген сөздер тиісінше "тұлғалар", "жүзеге асыратын", "жауап беретін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "басқарма" деген сөз "директорлар кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзац алып тасталсын;
      "Талаптар критерийлері" деген бағананың 5-жолындағы екінші абзацтағы "бекітті" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-жолда:
      "Талаптар атауы" деген бағана мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқарма жоспарлы іс-шараларды орындау, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде деректер базасының ақпараттық жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету рәсімдерін бекітті.";
      "Талаптар критерийлері" деген бағананың екінші абзацы алып тасталсын;

      6-қосымшада:
      1-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1.

  Директорлар кеңесі инвестициялық декларацияны бекітті.

  

  

1-1.

  Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді, оның ішінде:
  жинақтаушы зейнетақы қорындағы мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі тәртіпті;
қызметі тәуекелдерді басқару жөніндегі рәсімдерді орындауды көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;
  тәуекелдерді басқару жөніндегі тәртіпті;
  ішкі аудит бойынша тәртіпті;
  ішкі бақылау бойынша тәртіпті;
  есеп беру саясатын;
  ақпараттық қауіпсіздік тәртібін.

 

 

 

 

  

2.

Ішкі аудит құжаттарымен ішкі аудит қызметінің әр тексеру нәтижелерін директорлар кеңесіне және жинақтаушы зейнетақы қорының басқармасына ұсынуының тиімді мерзімдері көзделеді.

 

 

"; 

      мынадай мазмұндағы 2-1 - 2-15 жолдармен толықтырылсын:

"

2-1.

Бөлімшелер үшін орындалуы міндетті болып табылатын ішкі аудит қызметінің өкілеттігі өткен тексеру бойынша ұсыныстарды дайындауды көздейді, бұл ретте оларды жүзеге асыру тәсілі мен шарттарын бөлімшелер тікелей анықтайды.

  

  

2-2.

Ішкі аудит қызметі жинақтаушы зейнетақы қоры бөлімшелері ішкі аудит нәтижесі бойынша жүргізетін және жоспарлайтын іс-шараларын тиімді орындау мақсатында мониторингті жүзеге асырады.

  

  

2-3.

Ішкі аудит қызметі жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы қызметінің жаңа түрлерін енгізгенде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.

  

  

2-4.

Басқарма әр тексеру нәтижесі бойынша ішкі аудит қызметінің аудиторлық есебін талдайды және директорлар кеңесіне анықтаған кемшіліктерді жою үшін тиісті шараларды қабылдау жөнінде ұсыныстар жасайды.

  

  

2-5.

Ішкі құжаттармен әр ай сайын жинақтаушы зейнетақы қорының қызмет түрлері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының кірістерін (шығыстарын), оның ішінде динамикасын және жинақтаушы зейнетақы қорымен комиссиялық сыйақының дұрыс есептелуі мен төленуін тексеруді қадағалайтын жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі белгіленеді.

  

  

2-6.

Басқарма тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есебі негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының есеп және есеп беру жүйесін жақсартады.

  

  

2-7.

Ішкі аудит қызметі ішкі ережелердің және жинақтаушы зейнетақы қоры рәсімдерінің  сақталуына, ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсыныстарына, ықпал ету шараларын және уәкілетті органның басқа талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады.

  

  

2-8.

Директорлар кеңесі қажеттігіне қарай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын қадағалауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты алады, жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы қаржылық жылға жоспарланған мақсаттарға жетуіне талдау жасайды және бағалайды.

  

  

2-9.

Директорлар кеңесі сыртқы аудиторлардың ішкі бақылауды жақсарту және тәуекелдерді басқару жөніндегі аудиторлық есептерін талдайды.

  

  

2-10.

Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдық жылға жоспарланған мақсаттарға жету мәні бойынша басқарма қызметін талдайды.

  

  

2-11.

Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шаралары мен басқа талаптарын орындамау, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар жоспарын орындалмау себебін анықтауға байланысты бақылау жүргізеді.

  

  

2-12.

Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерінде болуы мүмкін мүдде дауына талдау жасайды.

  

  

2-13.

Директорлар кеңесі өзінің өкілеттігі шегінде көрсеткіштеріне жинақтаушы зейнетақы қорының қызмет нәтижесі ағымдық жылдық мақсаттарға сәйкес келмеген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма мүшелеріне шаралар қолдануы мүмкін.

  

  

2-14.

Басқарма жылдық бюджетті және стратегиялық жоспарларды құруды ағымдық және болашақтағы бәсекелестік, экономикалық ортаны және нормативтік құқықтық базаны, жинақтаушы зейнетақы қорының қосымша қажетті капитал мөлшерін ескеріп жасайды.

  

  

2-15.

Басқарма директорлар кеңесі мен жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлеріне жинақтаушы зейнетақы қоры қызметі туралы қаржылық және басқарушылық есепті ұсынады.

 

 

";

      3-жолда:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесі ай сайын талдау үшін мынадай есептерді алады:";
      үшінші абзацта ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Директорлар кеңесі тоқсан сайын талдау жасау үшін мынадай есептерді алады:";
      4-8-жол алып тасталсын;
      9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

9.

  Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастыру-функционалдық құрылымы мәселелері жөніндегі ішкі құжаттар, оның ішінде:
  жинақтаушы зейнетақы қоры бөлімшелерінің немесе тәуекелділікті басқару жөніндегі, негізгі тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мен талдауға жауап беретін, жинақтаушы зейнетақы қорлары өткізетін операциялармен байланысты тұлғаның өкілеттіктері мен міндеттерін;
  олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жинақтаушы зейнетақы қорлары органдарының құрылымын;
  жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін;
  жинақтаушы зейнетақы қоры құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметін бағалау тәртібі, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің мақсатты көрсеткіштерін жинақтаушы зейнетақы қоры орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту немесе шара қолдануды реттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
";

      14, 24, 25-жол алып тасталсын;
      37-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

37.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше:
тәуекелдерді талдау мен бағалауға қажетті ақпараттарды жинау процесін ұйымдастырады;
әдістемені әзірлейді және жетілдіреді, тәуекелдерді талдау мен бағалау процесін ұйымдастырады;
тәуекелдер деңгейін төмендету жөніндегі шараларды жоспарлайды;
тәуекелдерді басқару әдістемелерін, оның ішінде зейнет активтері есебінен алынған қаржы құралдарын хеджирлеу принциптерін әзірлейді;
тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралардың орындалуын бақылайды.

 

 

 

 

 

 

 

";

      мынадай мазмұндағы 37-1, 37-2, 37-3, 37-4, 37-5-жолмен толықтырылсын:

"

37-1.

Жинақтаушы зейнетақы қорының тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарында тәуекелдерді басқару жөніндегі функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін өтілдің болуын қарастырады.

  

  

37-2.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі сыртқы және ішкі қаржы активтері рыногының теріс дамуы жағдайында кірістілігі мен өтімділігі, зейнет активтеріне әсер ететін бағалау әдістемесін қолданады.

  

  

37-3.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше:
жинақтаушы зейнетақы қорының баланстық есептерін, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды;
өтімділіктің төмендеуін, қаржы құралдары бағасының өзгеруін талдайды.

  

  

37-4.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мынадай факторлардың:
ел тәуекелінің;
валюта тәуекелінің;
қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу тәуекелдерінің;
эмитенттің рейтингін өзгерту тәуекелдерінің зейнет активтеріне, тиімділігі мен өтімділігіне ықпал етуін болжайды.

  

  

37-5.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше стресс-тестілеуді өткізуді ұйымдастырады және оның нәтижелерін рынокта теріс факторлар өсе бастаған жағдайда жедел іс-қимылдар жасауға пайдаланады.

 

 

";

      38, 40-жол алып тасталсын.
      44-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

44.

Директорлар кеңесі кезең-кезеңімен жиынтық лимитті анықтайды.

 
";

      45-жолда "Қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды" деген сөздер "Мәмілелерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      49-жол алып тасталсын;
      50-жолда "бекітті" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      57-жол алып тасталсын;
      59-жолдың екінші абзацында "өндірістік" деген сөз "операциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 60-1-жолмен толықтырылсын:

"60-1.

Ішкі аудит қызметі жеке капитал мен жинақтаушы зейнетақы қорының кірістері мөлшеріне сай келмейтін кірістер және тәуекелдерді қабылдау операцияларын жүзеге асыру кезінде асыра пайдалану оқиғаларын анықтау және алдын алу мақсатында операцияларды тексереді.

 

 

 
 
";

      62-жолда "жүзеге асыратын", "жауап беретін", "қызметкерінің", деген сөздер тиісінше "жүзеге асыратын", "жауап беретін", "тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      63-жолда "басқарма" деген сөз "директорлар кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      65-жол алып тасталсын;
      67-жолда "бекітеді" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      68-жолдың екінші абзацы алып тасталсын;
      7-қосымшада:
      1-жол алып тасталсын;
      2-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

2.

Жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік стратегиясында жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан он жылға дейін) мақсаттары айқындалған.

  

  

3.

Жинақтаушы зейнетақы қорының ұзақ мерзімді стратегиясы бұрын жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне теріс әсер еткен факторларды жою мақсатында жасалған және тұрақты жетілдіріліп отырады.

 
 
 
 
";

      4-жолда "Директорлар кеңесі операцияларды мониторинг жүргізеді" деген сөздер "Директорлар кеңесі операциялардың мониторинг нәтижелерін бақылайды және талдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-жолда "Басқарма" деген сөз "Тәуекелдерді басқару функцияларын жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-жолда:
      "Қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын" деген сөздер "мәмілелерін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші абзацта "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қаржы рыногының жай-күйімен байланысты баға тәуекелін айқындау;
      тәуекелдердің басқа түрлерін айқындау.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақыларды төлеуді жүзеге асыру қызметін іске асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары мынадай мерзімге:
      осы қаулымен анықталған талаптардың базалық өлшемдерін орындауды 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін, орындалуы 2007 жылғы 1 сәуірге дейін қамтамасыз етілуге тиіс зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесіне 6-қосымшаның 1-жолындағы талаптарды қоспағанда, қамтамасыз етсін; 
      осы қаулымен анықталған талаптардың қосымша өлшемдерін орындауды 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етсін.

      4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады