"Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензия беру мәселесі туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N№А-5/485 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Көкшетау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N А-2/201 қаулысы. Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 16 ақпанда N 1-1-39 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № А-2/328 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008.02.18 № А-2/328 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Заңына , Көкшетау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы N№А-1/54 "Бөлу баланстары мен мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензия беру мәселесі туралы"»Көкшетау қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N А-5/485 қаулысына келесі өзгерістер   енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының 2 тармағы келесі редакцияда берілсін:
      "2) Алкоголь өнімдерін жекелеп сатуға (сырадан басқа) лицензия беру үшін құжаттарды әзірлеу функциясын жүзеге асырушы, лицензия ережелерін сақтауға бақылау жасау, лицензия беруді есепке алу үшін жұмыс органы болып "Көкшетау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесі анықталсын.

      2. Қоса берілген лицензиялық ережені сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу Ережелері жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары О.А.Титоваға жүктелсін.

       Қала әкімі

Көкшетау қаласы әкімдігінің   
      2006 жылғы 8 ақпандағы      
      "Алкоголь өнімдерін       
      (сырадан басқа) жекелеп сатуға 
      лицензия беру мәселесі туралы 
      қаулысымен бекітілген      

  Лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу
және олардың нәтижелерін ресімдеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңына , "Лицензиялау туралы"  Заңының 15 бабының 1 тармақ 2 тармақшасына, "Этил спирті мен алкоголь өнімдері айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеу туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы"  қаулысына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Ереже лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу  және олардың нәтижелерін ресімдеуді реттейді.

      3. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға  лицензиясы бар және Көкшетау қаласы аймағында орналасқан заңды  және жеке тұлғалар тексеруге жатады.

      4. Тексерісті "Көкшетау қаласының кәсіпкерлік бөлімі"» Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының  Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің Ақмола облысы бойынша Басқармасында тіркелген өкілетті тұлға қол қойған тексеру туралы актіге сәйкес заңды және жеке тұлғаларды тексеру туралы хабарландыру мерзімін сақтай отырып жүргізеді. "Көкшетау қаласының кәсіпкерлік бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі өз құзырының шегінде және және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіп негізінде сәйкесті мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға құқықты.

      5. Заңды және жеке тұлғаларды жоспарлы түрде тексеру жылына 1 реттен жиі болмауы керек, 10 адамы бар шағын кәсіпкерлік субъектілері 3 жылда бір рет тексеріледі.

      6. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сату лицензиялық ережелерін сақтауға тексерілуі тиіс:
      1) фискальді есте сақтау қабілеті бар бақылау - кассалық  машинасының болуы және оның дұрыс жұмыс істеуі;
      2) сатылатын тауардың сертификатының (белгілерінің) сәйкесті болуы, жарамдылық мерзімінің сақталуы, тауар маркасы мен акциздік  маркасының тәртібі сақталуы керек;
      3) алкогольді өнімдерді сату кезінде төменгі жекелеп сату бағасының сақталуы;
      4) Жай кешенінің болуы (сату залы, тауарды сақтау және қабылдау жайы, ыдыс пен тараны сақтау жайы, әкімшілік-тұрмыстық жай)
      5) алкоголь өнімдерін жекелеп сатумен айналысатын субъектілердің қызметін регламенттейтін техникалық құжаттары мен нормативтік-құқтық актілерінің болуы.

      7. "Көкшетау қаласының кәсіпкерлік бөлімі" Мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізу үшін берілген тексеріс белгілеу туралы актілерді тіркейді, олар бойынша заңнамаға сәйкес есеп жүргізеді.

      8. Тексеріс нәтижесі бойынша лицензиялау ережесін сақтауды тексеру туралы акт құрылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N№1258 "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы"  қаулысына сай лицензиар лицензияның қолданысын тоқтату себебін көрсете отырып алты айға дейін төмендегідей жағдайларда тоқтатуға құқығы бар:
      1) заңдылықты және лицензия ережесін бұзу;
      2) өзінің құзыры шегінде лицензиар қойған талаптарды орындамау;
      3) стандарт талаптарына сай келмейтін алкоголь өнімдерін сату;
      4) лицензиарға мәліметтер беруден бас тарту немесе жалған ақпарат беру;
      5) акциздерді жүйелі түрде төлемеу;
      6) алкоголь өнімдерін маркалау ережесін бұзу;
      7) лицензияда көрсетілмеген мекен-жайда алкоголь өнімдерін сату;
      8) алкоголь өнімдерін жекелеп сату ережесін бұзу;
      9) алкоголь өнімдерін сатуда шыққан жері белгісіз өнімдерді айқындау;
      10) алкоголь өнімдерін көтерме сатуға, сақтауға лицензиясы жоқ шаруашылық етуші субъектілерден жекелеп сату субъектілерінің алкоголь өнімдерін алуы.

      9. Лицензияны қолдануды тоқтату мәселесі лицензиаттың қатысуымен болған тексеріс нәтижесі бойынша қаралады.

      10. Лицензиат қол қою арқылы немесе пошта хабарландыруы арқылы лицензияны қолдануды тоқтату туралы мәселенің қаралу орны мен күні туралы хабарландырылады.

      11. Лицензиат келмеген жағдайда лицензиар лицензияны қолдануды тоқтату туралы шешімді қабылдайды.

      12. Лицензияны қолдануды тоқтату туралы лицензиардың шешімі лицензиатқа қол қою арқылы немесе поштамен (хабарландыру арқылы) жіберіледі.

      13. Лицензиат лицензияны қолдануды тоқтату себебін жойғаннан кейін лицензия әрекеті жалғастырылады, ол туралы лицензиат қол қою арқылы немесе поштамен (хабарландыру арқылы) хабардар етіледі.

      14. Лицензия әрекетін жалғастыру туралы шешімді лицензиар тексеріс жүргізгеннен кейін қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады