Мәслихаттан шыққан депутаттардың орнына кандидаттардың үгітпе баспа материалдарын орналастыру орындары туралы

Күшін жойған

Көкшетау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N А-3/324 қаулысы. Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 13 наурыздағы N 1-1-40 тіркелді. Күші жойылды - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № А-5/756 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010.05.12 № А-5/756 қаулысымен

      1995 жылғы 28 қыркүйектегі N№2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 28 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақмола облысы бойынша сайлау комиссиясының 2006 жылғы 6 ақпандағы N 43 "Ақмола облыстық мәслихатынан шыққан депутаттардың орнына депутаттарды сайлауды белгілеу туралы" шешімін орындау үшін қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Көкшетау қаласында мәслихаттан шыққан депутаттардың орнына кандидаттардың үгітпе баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2. Көкшетау қаласының әділет Басқармасында  мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Қ. Құлышевқа жүктелсін.

       Қала әкімі

Қала әкімдігінің      
      2006 жылғы 9 наурыздағы   
N А-3/324 қаулысына қосымша 

Мәслихаттан шыққан депутаттардың орнына
кандидаттардың үгітпе баспа материалдарын
орналастыру орындары

N№

Сайлау алды үгіт-насихат жүргізу үшін үгітпе баспа материалдарын орналастыру үшін конструкциялардың орналасқан орындары мен мекен-жайлары

1.

Тумба-ветрина:
- Абай көшесі, 86 үй, "Кондитер" ЖШС ауданы
- Кенесары көшесі, 89 "а" үй, "Көкшетау электр желілері" ЖШС ауданы 

2.

Ақпарат қалқандары:
- Абай көшесі, 48 үй, "Көктем" Сауда үйі" ЖШС ауданы
- Сәтпаев көшесі, 85 үй, Ақмола облысы Денсаулық сақтау Департаменті "N№1 қалалық аурухана" МКҚК ауданы
- Кенесары көшесі, 191 үй, "Достық" ТШС ауданы
- Куйбышев көшесі, 112 үй, "Ақмола облыстық ветеринарлық зертхана" РМҚК ауданы

3.

Автобус аялдамаларындағы ақпараттық қалқандар
Горький көшесі бойында: "Тігін фабрикасы", "Отан", "Қалалық аурухана";
Қуанышев көшесі бойында: "Потанин", "Янко";
Чкалов көшесі бойында: "Құрылысшылар поселкесі";
Жайлау»шағын ауданы: "Жайлау 2"
Кенесары көшесі бойында: "N 21 орта мектеп";
Пугачев көшесі бойында: "Облыстық аурухана".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады