Тараз қаласы аумағында қазақтың ұлттық сусындар сату жөнінде уақытша киіз үйлердің сауда нүктелерінің орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Тараз қалалық әкімиятының 2006 жылғы 09 сәуірдегі № 398 қаулысы. Тараз қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 19 мамырда 30 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 72 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 27.01.2014 № 72 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 32, 43 баптарының негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес, жалпы пайдаланудағы жерлерде Тараз қаласының аумағында қазақтың ұлттық сусындар (қымыз, шұбат) сату жөнінде уақытша киіз үйлердің сауда нүктелерінің орындары бекітілсін.
       2. "Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Мамедов Н.М.) маусымдық сипаттағы өнімдерді сату үшін тиісті шаралар қолданып, орындар бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. К. Астаевқа жүктелсін.
      
      Тараз қаласының әкімі                      І. Тортаев 

Тараз қаласы әкімдігінің  
2006 жылғы 9 сәуірдегі  
№ 398 қаулысына қосымша  

Қымыз және шұбат сататын нүктелердің
ТІЗБЕСІ 

Аудандар

Мекен-жайы

Саны

1

2

3

4

1

Байзақ

10 мөлтек ауданы, 11 мөл. ауд; 
Сатпаев көшесі гидрокомплекс маңы, автотұрақ жаны.

  3

2

Жамбыл 

"Тараз" қонақ үйінің қасында;
9 м/а. "Ынтымак" базарының маңы;
8 м/а. -18 үй.

3

3

Жуалы 

9 м/а. С.Сейфуллин көшесі Б.Момышұлы көшесінің бұрышы;
Абай данғылы 168; 8 м/а. "Актоған" базары.

3

4

Кордай 

7м/а, "Рас" кафесінің жанында;
6 м/а (Казахтелеком маңы).

  2

5

Мерке

Қалалық аурухана Жамбыл данғылы "Жібек-жолы" кафесінің жанында;
ДК "Турксиб" (Т.Ж. Вокзалы);
Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің жанында.

    3

6

Мойынкұм

3 м/а. қалалық сотқа қарсы.

1

7

Т.Рыскулов 

10 м/а. Б.Момышулы көшесі;
2 м/а. сауда орталығына қарсы ;
Шостакович - АльФараби кош, киылсында Толе би данғылы Мирзоян көшесінің бұрышы. 

  3

8

Сарысу 

Рысбек батыр көшесі 2, Толе би  қиылысы;
4 м/а. және 7 м/а. 2 үй;
Койгелды көшесі ТарГУ жатақханасына қарсы.

2

9

Талас

8 м/а "Алатау" кафесінің арты;
Сулеймен көшесі "Халық банк" бөлімшесіне қарсы;
А.Аскаров көшесінің аяғы. 

  2

10

Шу

3 м/а. қалалық сотқа қарама-қарсы.

1

11

Тараз қаласы 

7 м/а. нан заутының жанында;
2 м/а. монша маңы;
"Тараз-су" мекемесінің жанында;
7 м/а. 48 үй "Диана" дүкенінің маңы;
Облыстық әкімдіктің маңында.

5

Барлығы:
28

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады