Қарағанды қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған XXXIII сессиясының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 13 шешімі. Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2006 жылғы 19 шілдеде N 8-1-35 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXV сессиясының 2009 жылғы 28 қазандағы N 267 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXV сессиясының 2009.10.28 N 267 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы, 2-тармағына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (Майра Мәжкенқызы Оспанова).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ІІІ шақырылған қалалық
      мәслихаттың кезекті
      XXXIIІ сессиясының төрағасы                Ж. Мұхтаров

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Қ. Бексұлтанов

Қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 7 маусымдағы
ХХХІІІ сессиясының N 13
шешімімен бекітілген

Қарағанды қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру
Қағидасы

      Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысы сәйкес әзірленді аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін анықтайды.

1. Негізгі ережелер

      1. Тұрғын үй жәрдемақылары тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға беру) бойынша төлем шығындарын қайтару үшін, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырулары бойынша өтемақы түрінде тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.

      2. Тұрғын үй жәрдемақысы белгілі-бір жерде тұрақты тұратын, белгілі-бір тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын тұлғаларға, егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану ақысының шығындары өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданы нормасының шегінде болса, бірақ осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың мүмкіндік шегі деңгейінен асатын, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса беріледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі отбасының жиынтық кірісінің 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 1 тараудың 2 тармағы өзгертілді - Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған ХІІ сессиясының 2008.09.22 N 132(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      3. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

      1) жиынтық табыс - тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін құқықтарды анықтауда есепке алынатын табыс түрлерінің сомасы;

      2) отбасы - бір мекен-жайда бірге тұратын және тіркелген неке, туысқандық, балаларды асырап алу немесе тәрбиеге алудың басқа да түрлерінен шығатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысқан тұлғалар тобы;

      3) өтініш беруші (жеке тұлға) - тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

      4) уәкілетті орган - тұрғын үй жәрдемақысын беретін "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

2. Тұрғын үй жәрдемақысын беру нормативтерін анықтау

      4. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы. Көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метр болып белгіленсін.

      5. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      1) бір адамға көлемді газ:

      орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің болуы немесе болмауына тәуелсіз, нақты шығындар бойынша, бірақ айына 8 килограммнан артық емес;

      баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну.

      2) қатты отынды пайдалану:

      1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (бір жылға есептегенде) - 346 килограмм көмір, 3-4 қабатты үйлер үшін 225 килограмм көмір, 5 қабатты үйлер үшін 134 килограмм көмір (7 айлық жылыту маусымына);

      Тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Қарағанды қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылсын.

      3) нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына - 150 киловаттан;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде - 250 киловаттан аспау керек.

      4) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді.
      Ескерту. 2 тараудың 5 тармағының 1) тармақшасы өзгертілді - Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған ХІІ сессиясының 2008.09.22 N 132 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      6. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізінде жүргізіледі.

      7. Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтемақыға белгіленеді.

3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау

      8. Тұрғын үй жәрдемақысын уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекен-жайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.

      9. Тұрғын үйдің (пәтерлер, үйлер) бір бірлігінен артық үйі бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға (жалдауға) беретін отбасылар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айрылады.

      10. Күтім қажет деп танылған мүгедектерді күтетін немесе үш жасқа дейінгі бір және одан да көп балаларды, сондай-ақ кіші баласы 1 сыныпты аяқтағанға дейін (бірақ 9 жастан үлкен емес) төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған тұлғаларды, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты өзіне және кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін балаларына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды есептемегенде, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы болып табылмайтын адамдары бар отбасыларға тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығы берілмейді.

      11. Даулы немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау мәселесін шешу уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссия қарауына ұсынылуы мүмкін. Тұрғын үй жәрдемақысына үміткер комиссия шешімімен келіспесе, соттық тәртіпте шағымдануға құқығы бар.

      12. Отбасы (балалары, немерелері) құрамында тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй жәрдемақысы беріледі.
      Ескерту. 3 тараудың 12-тармағы толықтырылды - Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған ХІІ сессиясының 2008.09.22 N 132(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      13. Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді бергені үшін жалдаушы (меншік иесі) бір жылға дейін жәрдемақы алу құқығынан айрылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы түрінде заңсыз алынған сомалар белгіленген тәртіппен қайтарылуы тиіс.

      14. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу түрін (ақшалай немесе аударма) таңдау құқығы алушының өзіне беріледі. Ақшалай түрі - бұл тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдерін тұрғын үй жәрдемақысы сомасына тең сомаға азайту болып табылады.
      Тұрғын үй сомасын коммуналдық қызметпен жабдықтаушының есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынды тарату, қайта құру, банктік реквизиттердің өзгеруі және тағы басқалар), ол өтініш беруші қызметін қолданатын басқа жабдықтаушылардың арасында үлестіріледі. Аударма түрі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді.
      Ескерту. 3 тараудың 14-тармағы абзацпен толықтырылды - Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған ХІІ сессиясының 2008.09.22 N 132 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

4. Тұрғын үй жәрдемақысын беру мерзімдері мен мерзімділігі

      15. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен 6 ай мерзімге тағайындалады.

      16. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.

      17. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.

      18. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.

5. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу

      19. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау өтініш және қоса тапсырылған құжаттар негізінде жүргізіледі:

      1) тұрғылықты мекен-жайын және отбасы құрамын растайтын мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтер карточкасы, үй кітабы);

      2) тұрғын үйге құқық белгілеу құжаттары (жекешелендіру шарты, ордер, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға алу (жалдау) шарты, мұра құқығы жөніндегі куәлік, тіркеу куәлігі);

      3) отбасы мүшелерінің қызметі жөніндегі мәліметтер (еңбек кітапшасы, жұмыс орныннан анықтама, еңбек шарты);

      4) өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын мәліметтер (некеге тұру немесе некені бұзу куәлігі, жетпіс жастан асқан жалғыз басты адамдарды есепкемегенде, азаматтық хал актілерін жазу бөлімшесінен N 4 формалы анықтама, қайтыс болғаны жөніндегі куәлік);

      5) тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желісі қызметтерінің ақысын төлеу бойынша шығындар жөніндегі анықтама (түбіртек);

      6) отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметтер;

      7) жұмыссыздар мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органнан анықтама тапсырады;

      8) аз қамтылған азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (арнайы комиссияның тапсырмасы бойынша).

      Құжаттар тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады.

      20. Тапсырылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша отбасымен шарт жасалады. Аталған шарт тұрғын үй жәрдемақысын берудің негіздемесі болып табылады. Уәкілетті орган ай сайын шартқа қоса берілетін тұрғын үй жәрдемақысының есебін жүргізеді және өтініш берушіге өтініш жасауына қарай береді.

      21. Тапсырылған құжаттардың нақтылығына күдік туған жағдайда, уәкілетті орган сауал салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер тұлғаның табыстары жөнінде ақпарат беруге міндетті.

      22. Айлық тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үй жәрдемақысын алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану, тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі мен қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттеріне көтерілген тарифтер сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

      23. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтердің нақты есептелген төлемдер сомасы мен қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін көтерілген абоненттік төлемдер тарифтерінің сомасынан артпауы тиіс.

      24. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (түбіртектерде) ұсынады.

6. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көздері

      25. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, ал қалалық телекоммуникация желілері абоненттеріне телефон үшін көтерілген абоненттік ақы тарифтерінің бөлігінде республикалық бюджеттен төленеді.

7. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауда жиынтық табысты есептеу тәртібі

      26. Отбасының жиынтық табысына отбасы құрамында есептелген барлық тұлғалардың тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген тоқсаны алдындағы тоқсандағы табыстары енгізіледі.

      27. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсан мерзімінен кем жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыты есепке алынады.

      28. Есептеу кезеңінде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеуде келесі тоқсанның бірінші айынан бастап келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы есепке алынады (есепке алынбайды);

      29. Бір тоқсаннан аса төленуі тиіс табысты (еңбекақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақы) бір мезгілде алуда есептеу кезеңінде алынған табыстың барлық сомасы есепке алынады.

      30. Отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы отбасының тоқсандағы жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.

8. Отбасының жиынтық табысын есептегенде есепке алынатын табыс түрлері

      31. Отбасының жиынтық табысын есептегенде, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсанда нақты алынған атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, бала тууға және жерлеуге берілетін жәрдемақы, өз бастамасы бойынша мемлекет көрсететін көмек (мерекелік және мерейтойлық күндерге орай) және өз ісін ашу үшін берілетін материалдық көмек, негізгі азық-түлік бағаларының көтерілуіне байланысты, Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, ақшалай және заттай табыс түрлері есепке алынады.
      Ескерту. 8 тараудың 31-тармағы өзгертілді және толықтырылды - Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған ХІІ сессиясының 2008.09.22 N 132 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      32. Еңбекақы түріндегі табыстар:

      1) еңбекақының барлық түрлері, соның ішінде келісімдік, уақытша, сондай-ақ сыйақы, үстеме ақы, негізгі және қосымша жұмыс орны бойынша ақшалай және заттай қосымша ақы (қаржыландыру көздеріне тәуелсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыскерлердің еңбекақысы сақталатын кезеңде заңнамаға сай оларға төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);

      2) еңбек демалысы кезінде сақталатын еңбек ақысы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төленетін ақшалай өтемақы;

      3) ұйымның (заңды тұлға) таратылу немесе жұмыс берушінің (жеке тұлға) қызметін тоқтату, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген көлемде жұмыскерлердің саны немесе штатының қысқару жағдайында жеке еңбек шартын бұзу кезінде төленетін өтемақылар;

      4) уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды атқару кезеңіндегі еңбекақысы;

      5) маусымдық жұмыстарға қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы алу кезінде отбасының жиынтық табысына есепке алынады. Еңбекақының болмау кезінде жиынтық табыс оны есепке алмай есептелінеді;

      6) сақтандыру агенттеріне және брокерлерге төленетін делдалдық сыйақы;

      7) еңбекақыны есептеуде есепке алынбайтын және ұйым қаражатын есебінен төленетін (оқу демалысының төлемі, авторлық гонорар, несие, қарыз, ашқан жаңалығы және тиімді ұсыныстары үшін сыйақы) төлемдердің басқа түрлері;

      8) отбасы құрамында есепке алынбайтындықтан, жедел қызметтегі, соның ішінде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлердің ақшалай үлесін қоспағанда, келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер және ішкі істер органдарының саптағы және басшы құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар санаттарының ақшалай үлесі үстеме ақы мен қосымша ақылары есепке алына отырып, отбасының жиынтық табысына енгізіледі;

      9) шет елде жұмыс істейтін және отбасы құрамында есепке алынған тұлғалардың жиынтық табысындағы еңбекақысы ұлттық және шет ел валютасында есепке алынады. Осы жағдайда шет ел валютасында алынған табыс отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Ұлттық банк белгілеген бағам бойыша ұлттық валютада есептелінеді;

      10) егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге немесе оқуға келген және отбасы құрамында есепке алынған шет ел азаматымен некеге тіркелген болса, отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының азаматының табысынан және отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Қазақстан Республикасында алынған ұлттық, сондай-ақ Ұлттық банк белгілеген бағам бойыша ұлттық валютада есептелінген шет ел валютасында алынған шет ел азаматының табысынан белгіленеді;

      11) авторлық гонорар (шарттар болмаған жағдайда), сондай-ақ ашқан жаңалығы және тиімді ұсыныстары үшін алған сыйақы гонорар сомасын 12 айға бөлуден алған үлес мөлшерінде отбасының жиынтық табысына ай сайын енгізіліп отырады;

      12) өтелген несие, қарыз сомасы жиынтық табысқа енгізіледі және оларды өтеу (бөлшектеп өтеу кезінде төленген сома және несие, қарыз беру мерзіміне сәйкес) сәтінен бастап несие беру мерзіміне бөлінеді;

      13) шарт жасамай, жекелеген азаматтарда жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың нақты еңбекақысы есепке алынады. Осы жағдайда еңбекақының заттай бөлігі нарық бағалары бойынша ақшалай баламада жиынтық табысқа енгізіледі. Еңбекақыны өтініш беруші ерікті түрде көрсетеді, бірақ заңнамамен бекітілген төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес;

      14) азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік) бойынша жұмыс жасаушы тұлғалардың табысы шарт әрекетінің барлық кезеңі бойынша қосылады. Алынған табыс жұмыс жасау үшін шартта көрсетілген ай санына бөлінеді және есептеу кезеңіне сәйкес келетін айлар үшін жиынтық табыста есептелінеді;

      15) салық комитетінде тіркелген өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың салық комитетімен расталған анықтамадағы табысы есепке алынады;

      16) арнайы салық тәртібі жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың табыстары бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады;

      Еңбекақы түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.

      33. Зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте тағайындалатын зейнетақының барлық түрлері және оларға өтемақылық төлемдер;
      2) мүгедектікке, асыраушысынан айрылу жағдайы және жас мөлшері бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      3) арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
      4) жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, сондай-ақ аса зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс жасаған тұлғаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
      5) төлем көздеріне тәуелсіз студенттерге, оқушыларға, аспиранттарға, докторанттарға, басқа оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендиялар. Орта білім беру жүйесінде оқитын, сондай-ақ жоғары және орташа арнайы білім беру орындарында күндізгі бөлімде ақылы негізде, стипендия алмай оқитын студенттердің жиынтық табысына студенттің ерікті түрде көрсеткен табысы есептелінеді;
      6) уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақы (соның ішінде бала күтімі бойынша);
      7) жүктілік және босану бойынша жәрдемақы;
      8) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға арналған жәрдемақы;
      9) арнайы мемлекеттік жәрдемақыларға қоса, сырт көмекке мұқтаж бірінші, екінші топтардың жалғызбасты мүгедектер күтіміне қосымша төлемдер және жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың шешімдері бойынша бюджеттен жүйелі түрде төленетін басқа төлемдер;
      10) алушының жазбаша өтініші бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін материалдық көмек және біржолғы төлемдер;
      11) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік жол жүру билеті түріндегі қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек;
      12) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер;
      13) Алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған ХІІ сессиясының 2008.09.22 N 132 шешімімен.
      14) жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы;
      15) бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы.
      Әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.
      Ескерту. 8 тараудың 33 тармағының 13) тармақшасы алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған ХІІ сессиясының 2008.09.22 N 132 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      34. Балаларға және басқа да асыраудағы адамдарға төленетін алимент түріндегі табыстар:
      1) алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің еңбекақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттердің қосымша сомалары оларды алу уақытына сай жиынтық табыста есептелінеді;
      2) ата-ананың арасындағы неке бұзылған кезде, ері (зайыбы) балаларға алимент төлеу жағдайында тұрғын үй көмегі тағайындалады. Алимент өндіруге қарсылық білдірілсе, отбасы жәрдемақы алу құқығынан айрылады;
      3) төлеуші жұмыс істемеген және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, бас еркінен айыру орындарында немесе уақытша қамау орнында, емделуде немесе туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-еңбек профилакториінде есепте тұрған, Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты мекен-жайға орналасуға кеткен немесе іздеу салынған жағдайда, отбасының жиынтық табысы тиісті органдар растайтын құжатттар қоса ұсынылған жазбаша өтініш негізінде есептелінеді;
      4) алимент бойынша қарыздар пайда болған жағдайда, жиынтық табыс алименттерді есепке алмай, сот орындаушысының қарыздар жөніндегі ұйғарымы қоса ұсынылып есептелінеді;
      5) егер ата-ана арасындағы неке бұзылмаса, бірақ ерлі-зайыпты адамдардың бірінен алимент өндірілген болса, осы ерлі-зайыпты адамның отбасымен бірге тұрса, жиынтық табыста оның табысы толық есепке алынады. Ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы жағдайында, отбасының жиынтық табысында алименттер есепке алынады;
      6) қамқорлық ресімделген балаларға алимент төленбеген жағдайда (қамқорлыққа алу жөніндегі құжат), ата-анасынан алимент алу жөніндегі анықтаманы ұсынбай, жиынтық табыс есептелінеді;
      7) балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алименттер ұйымдардың алименттерді аударуы жөніндегі анықтамаларымен немесе алынған алименттер жөніндегі пошталық аударымдар түбіртегімен, сондай-ақ өндіру туралы сот органдарының шешімі қоса ұсынылып, жазбаша өтініш негізінде расталады.
      35. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар:
      1) ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, мал және құс ұстау және өсіру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс (саябақ телімдерінен алынатын табысты есептемегенде) әр отбасы бойынша өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі және көлемі жөніндегі мәліметтері негізінде есептелінеді;
      2) жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты осы ереженің 1, 2, 3 қосымшалары негізінде уәкілетті орган есептейді;
      3) жердің бір сотығынан (бір бастан) өндірілетін өнім құны өсірілетін дақылдардың (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігі) орташа өнімділігін 3 қосымшаға сәйкес өнімнің 1 килограмм орташа бағасына көбейту жолымен анықталады;
      4) екі немесе одан да көп отбасылар қолданатын жеке қосалқы шаруашылықтан, сондай-ақ крестьян (фермалық) шаруашылықтан алынатын табыстар осы шаруашылықта жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санына пропорционал әр отбасы бойынша бөлініп есептелінеді;
      5) отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс есептелінеді. Отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысы жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады;
      6) табысты есептеу үшін Қарағанды облыстық статистика басқармасының деректері негізінде Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті ұсынған Қарағанды облысында қалыптасқан өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері бойынша өткен жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады;
      7) жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстардың жеке нормативтік есептеу карточкасы өтініш берушінің мәліметтері негізінде отбасының жиынтық табысына есеп жүргізетін тұлға арқылы толтырылады.

      36. Жиынтық табысты есептегенде есепке алынатын басқа да табыстар:
      1) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беру;
      2) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сату;
      3) жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын және басқа мүлікті сыйға беру, мұраға алу түрінде;
      4) салымдар және борыштық құнды қағаздарды есепке ала отырып, лоторея, ұтыс бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар;
      5) туысқандар мен жақын адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құндық түрде) қосқанда көрсетілетін табыстар;
      6) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беруден алынған ресми түрде расталмаған табыстар айына төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен есептелмейді;
      7) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сатудан түскен табыс 12 айға бөлінеді және оның сәйкес бөлігі есептік кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа енгізіледі;
      8) басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, отбасының жиынтық табысында тұрғын үй (көлік құралын) сатқаннан түскен сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралын) құны арасындағы айырмашылық есепке алынады.
      Көрсетілген табыстар алу уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.

Қарағанды қаласының аз қамтылған
азаматтарына тұрғын үйді ұстау,
коммуналдық қызметтер ақысын төлеу,
қалалық телекоммуникация желілерінің
абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты
өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақысын беру Қағидасына
1 қосымша

Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн
табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1
соткасының
орташа
түсiмi, кг

Жердiң 1
соткасына
жұмсалған
шығыстың
орташа
деңгейi,
теңге

1 кг
өнiмнiң
орташа
бағасы,
теңге

1
соткадан
өндiрiл-
ген өнiмнiң
құны,
теңге
(2-бағ.х
4-бағ.)

1 сотка
жерден
түскен
табыс (+),
шығыс (-),
теңге
(5-бaғ -
3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай






Арпа






Қарамық






Жүгерi (жасыл салмағы)






Көп жылдық шөптер






Бiр жылдық шөптер






Картоп






Көкөнiстер






Бақшалар






Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)






Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)






Жидек дақылдары






Жүзім






      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан
алынатын
орташа
өнiмдiлiк,
кг (л)

1 басқа
жұмсалған
шығыстың
орташа
деңгейi,
теңге

1 кг
өнiмнiң,
(1 л, 10
дана
жұмырт-
қаның)
орташа
бағасы,
теңге

1 бастан
өндiрiл-
ген
өнiмнiң
құны,
теңге
(2-бағ.
x 4-бағ.)

1 бастан
түскен
табыс
(+),
шығыс
(-),
теңге
(5-бағ.
- 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)






Eтті iрi қара мал (сиыр еті)






Шошқалар (шошқа еті)






Қойлар, ешкілер ет/жүн






Жылқы (жылқы еті)






Түйе (түйе еті)






Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)






Етті құс (құс еті)






Қарағанды қаласының аз қамтылған
азаматтарына тұрғын үйді ұстау,
коммуналдық қызметтер ақысын төлеу,
қалалық телекоммуникация желілерінің
абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты
өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақысын беру Қағидасына
2 қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

Қарағанды қаласының аз қамтылған
азаматтарына тұрғын үйді ұстау,
коммуналдық қызметтер ақысын төлеу,
қалалық телекоммуникация желілерінің
абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты
өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақысын беру Қағидасына
3 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
үлгі жеке нормативтік карточкасы

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ______________________________________

Облыс, аудан _________________________________________________

Үйiнiң мекен-жайы ___________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер,
сотка,
мал
басы,
саны

жылына
түсетiн
табыс
нормативi,
теңге

жылына
түсетiн
табыстың
барлығы,
теңге

бiр
тоқсанда
түсетiн
табыстың
барлығы,
теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс





Жиыны: бiр тоқсандағы табыс





      200__ж. "__"_________ _______________________
      (өтiнiш берушiнiң қолы)

      ________________________________________
      Есепті жасаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады