Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы N 240/27 шешімі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Әділет басқармасында 2006 жылғы 03 қарашада N 8-8-28 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының IV шақырылған XXI сессиясының 2010 жылғы 9 шілдедегі N 581/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының IV шақырылған XXI сессиясының 2010.07.09 N 581/21 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Атында және бүкіл мәтін бойынша "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін" деген сөздерді "телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін" деген сөздерімен ауыстырылды - Шахтинск қалалық мәслихатының 2009.07.03 N 488/13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949, "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Шахтинск қалалық мәслихатының 2009.07.03 N 488/13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      1. "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесі" бектілсін. (қосымша)
      2. 2006 жылғы 7 маусымдағы Шахтинск қалалық Мәслихаттың XХІV сессиясының N 203/24 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген нөмірі 8-8-25, 2006 жылғы 21, 28 шілдедегі N 29, 30 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) шешімінін күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау әлеуметтік сала және заңдылық, (Исатаев К.) аумақтың экономикалық дамуы мен бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі (Поляков А.) тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми түрде жариялғаннан бастап іске енеді.

      Сессия төрағасы                            Ж. Құрманбаев

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                М. Байманов

Қалалық Мәслихаттың
2006 жылғы 10 қазандағы
XХVII кезектен тыс сессиясының
N 240/27 шешімімен
бекітелген

Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" және азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларды беру ретін анықтайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шахтинск қалалық мәслихатының 2009.07.03 N 488/13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      Осы Ережеде мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар;
      2) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
      3) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы (бұдан әрі - телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы) – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған және қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.
      4) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
      5) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға;
      6) тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтынуға, қатты отын сатып алуға төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындарға берілетін өтемақы;
      7) уәкілетті мемлекеттік орган – қаланың аумақтық атқарушы органы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шахтинск қалалық мәслихатының 2009.07.03 N 488/13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2. Тұрғын үй жәрдемақысы Шахтинск аумағында тұрғылықты тұрақты тұратын адамдарға мынадай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау төлеміне шыққан шығын, көп бөлмелі тұрғын үй кондоминиумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу, қатты отын мен коммуналдық қызметті тұтыну тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, көп бөлмелі тұрғын үй кондоминиумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу, қатты отын сатып алуға, сонымен қатар, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға, көп бөлмелі тұрғын үй кондоминиумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу, тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне, қатты отын сатып алуға және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу кестесі, жоспарланған жөндеу жұмыстарының көлемі және олардың шыққан шығындардың шектік үлесі Қазақстан Республикасының қолданылатын заңнамасына сәйкес белгіленеді. Тұрғын үйді күтіп ұстауға, көп бөлмелі тұрғын үй кондоминиумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу, тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне, қатты отын сатып алуға және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындардың шектік үлесі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Шахтинск қалалық мәслихатының 2009.04.22 N 468/12 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтанқараңыз) шешімімен.

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

      3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі нормалар бойынша беріледі:
      1) өтемақылық шаралармен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
      2) газды тұтыну нормасы:
      орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда - 1 адамға айына 8 килограмм;
      орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – 1 адамға айына 10 килограмм;
      3) электр қуатын тұтыну нормасы:
      газ плитасымен жабдықталған үйлерде - отбасына айына 150 киловатт;
      электр плитасымен жабдықталған үйлерде – отбасына айына 250 киловатт;
      4) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс шығаруды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және тағы басқа) басқару нышанына байланыссыз қызмет көрсетуші қызмет көрсетудің түріне сәйкес тарифті бекіткен кезде қарастырылған норма бойынша есептеледі.
      5) қатты отынды тұтыну нормасы:
      жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде 1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатты салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм.
      Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша Шахтинск аумағында өткен тоқсандағы қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
      4. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және қатты отында белгіленген нормадан жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.

3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі

      5. Тұрғын үй жәрдемақылары Шахтинск аумағында тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады.
      6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
      7. Егер де медициналық санитарлық сараптама қорытындысы бойынша мүгедек деп танылған адамдар, мүгедектерді және 80 жастан асқан күтімді қажет етеді деп танылған адамдарға күтім жасайтын немесе 3 жасқа дейінгі баланы (бір немесе одан көп) тәрбиелеумен айналысатын, сонымен қатар кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) 4 және одан да көп баланы тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда, отбасында еш жерде жұмыс істемейтін, күндізгі оқу нышаны бойынша оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмысқа жарамды адамдар тұрса, ондай отбасылар тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
      Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2008.04.03 N 390/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      8. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы мәселені шешуде дау-жанжалдық немесе қалыпсыз жағдайлар туындаған жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
      9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер, қатты отынды сатып алуға айғақтық шығыннан және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.
      10. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол, қолма-қолсыз ақы және аралас нышанда беріледі.
      Қолма-қол ақы нышаны ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есепшоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Қолма-қолсыз ақы төлемнің нышаны берілген қызмет түріне шақ келетін тұрғын үй жәрдемақысының сомасына тең сомаға коммуналдық қызмет түрінің әрқайсысына төлемді азайту түрінде белгіленеді. Бұл жағдайда қызметтің әр түрі бойынша тұрғын үй жәрдемақысының сомасы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша уәкілетті орган жәрдемақы алушының жеке шотына есепке жатқызу үшін коммуналдық қызметті жеткізушілерге аударылады.
      Аралас нышан берілген қызмет түріне шақ келетін тұрғын үй жәрдемақысының сомасына тең сомаға коммуналдық қызмет түрінің жеке түріне (жәрдемақы алушының таңдауы бойынша бір немесе бірнеше) төлемді азайту түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша уәкілетті орган таңдалған қызмет түрі бойынша тұрғын үй жәрдемақысының сомасын жәрдемақы алушының жеке шотына есепке жатқызу үшін коммуналдық қызметті жеткізушілерге аударылады. Жәрдемақының қалған бөлігін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша уәкілетті орган қолма кол ақы нышанында азаматтардың салымдары бойынша есепшоттарына есепке енгізу арқылы төлейді.
      Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу нышанын таңдау құқығы (қолма-қол ақы, қолма-қолсыз ақ, аралас) алушыға беріледі.
      көп бөлмелі тұрғын үй кондоминимумы объектісің жалпы мүлкін күрделі жөндеу үшін енгізілген тұрғын үй жәрдемакысы сомасын кондоминимум объектісің арнайы жинақтаушы есепшотына жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган аударады
      Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 312/34 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      11. Уәкілетті органдар тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтата тұруға және күшін жойдыруға құқығы бар. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтата тұру және күшін жойдыру мәселесін тұрғын үй жәрдемақысын алушысының шақырылуымен арнайы комиссия қарайды. Комиссия шешімінің көшірмесі өтініш берушіге тапсырылады.
      12. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй жәрдемақысын өтіну және есептеу тәртібі

      13. Тұрғын үй жәрдемақысы тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен алты айға тағайындалады. Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақысын есептеу тоқтатыла тұрып, құжаттар ұсынылған айдан бастап қайта жүргізіледі. Келісім-шарт мерзімінің аяғына дейін табыстары туралы және отбасы құрамы туралы мәлімет тапсырмаған отбасыларына қалған айларға тұрғын үй жәрдемақысы есептелмейді.
      14. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші  жеке уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚО тиісті септікте) белгіленген үлгідегі өтінішімен (1 қосымша) келесі құжаттарды өтінеді:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжат (ордер, тұрғын үй жекешелендіру туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім-шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар) - түпнұсқаны және көшірмені;
      3) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) - түпнұсқа және көшірме және тұрғылықты жерін анықтайтын құжат;
      4) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжат (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, 65 жастан асқан жалғыз басты адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері, жалғыз басты ананың анықтамасы) түпнұсқалары мен көшірмелері;
      5) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің қызмет түрін растайтын құжаттар (еңбек кітапшалары, жеке еңбек келісім-шарттары, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
      6) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы берілген үлгідегі мәліметтер (2 қосымша), қатты отын сатып алғандығын растайтын анықтамалар (отын жіберуде сатып алушымен тасымалдаушының толық мекен-жайыы көрсететін есеп немесе жапсырма, тасымалдау ұйымының аталуын, орналасқан жері, салық және банктік реквизиттері, сатып алушының аты-жөні, тегі, ЖИН, үйінің мекен-жайы, тасымалдау ұйымының мөрі мен лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылған, алынған отынның көлемімен бағасы);
      7) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер 7 қосымшаға сәйкес ұсынылады, оларды дәлелдейтін құжаттар (еңбек ақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар туралы анықтамалар, пошта аударымдарының түбіртектері және тағы басқалары), жеке үй шаруашылыға бар екендігі туралы мәліметтер белгіленген үлгі бойынша ұсынылады;
      8) жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады.
      Ескерту. 14 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 312/34 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2008.04.03 N 390/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.07.03  N 488/13(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      15. Ұсынылған құжаттардың негізінде уәкілетті органның маманы белгіленген үлгідегі отбасы құрамы жөніндегі мәліметті толтырады, құжаттардың көшірмелерін растамалайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал өтініш қажетті көшірмелермен, белгіленген үлгідегі мәліметтер мен анықтамалармен бірге тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі журналға тіркеледі. Жәрдемақыға құқығын анықтаған кезде басқа қалаларда уақытша тұрып жатқан адамдар оны сәйкес құжаттармен растаған жағдайда отбасында есептелмейді.
      16. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне қосылады.
      17. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша өтініштің барлық қажетті құжаттармен түсімі берген уақыттан бастап 10 күн ішінде есептеу жүргізеді және отбасына тұрған үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жәрдемақысы жүргізіледі, оның түбіртегі өтініштің барлық қажетті құжаттармен түсімі берушінің өтінішіне қарай беріледі. Қатты отын сатып алуға кеткен шығынды есептеу бір жылда бір рет қатты отынды сатып алғандығы жөніндегі анықтаманың негізінде есептілінеді.
      Ескерту. 17 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2008.04.03 N 390/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтанқараңыз) шешімімен; өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2009.07.03 N 488/13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      18. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға көп бөлмелі тұрғын үй кондоминимумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу, коммуналдық қызметті тұтынуға, қатты отынды сатып алуға өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде нақты шығындармен, қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем және тұрғын үй жәрдемақысына үміткер отбасының шектік жіберілетін шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
      Ескерту. 18 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 312/34 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      19. Өтініш беруші шынайы емес мәліметтер бергені үшін және ұсынылған құжаттардың түпнұсқалықтарына қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жауапкершілік жүргізеді.
      20. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауға міндетті.
      21. Ұсынылған сай келетін жұмыстан бас тартқан немесе қоғамдық ақы төленетін жұмыстардан немесе оқуды өз еріктерімен тоқтатқан жұмыссыз азаматтары бар отбасылар арнайы комиссияның қорытындысы бойынша бас тартқан, оқуды тоқтатқан немесе қоғамдық ақы төленетін жұмыстарға қатысуды тоқтатқан уақыттан бастап бір жыл ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, ал артық төленген сомалар өз еркімен немесе заңнамада белгіленген тәртіп бойынша қайтарылуға жатады.
      22. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
      23. Тұрғын үй жәрдемақысын ұсынуға негіздемесіз келісім-шарт жасауға немесе жәрдемақыны жоғары мөлшерде есептеу мен төлеуге әкеліп соқтырған шынайы емес мәліметтер ұсынылған жағдайда, арнайы комиссияның қорытындысы бойынша өтініш беруші бір жылдың ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, тұрғын үй жәрдемақысы түрінде алынған заңсыз сомалар өз еркімен немесе заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

5. Жиынтық табысты есептеу

      24. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган есептейдi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).
      25. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      26. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
      27. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      28. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
      29. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
      30. Ортаайлық табыс отбасының өткен тоқсандағы жиынтық табысын 3 айға бөлу жолымен есептеледі.

6. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын табыс түрлерi

      31. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыс.
      Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      6) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      7) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      9) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      дәрілiк препараттар;
      санаториялiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру түрiнде көрсетiлген заттай көмек түрлерi.
      11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.
      32. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынадай (осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
      Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді.
      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
      жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
      жұмыс берушi төлеген несие сомасы. Көрсетiлген төлемдер несиені өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
      жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
      заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Ереженiң 31-тармағының 10) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
      осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
      33. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      34. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердiгерлiк және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
      35. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және тағы басқаларын жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
      36. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
      37. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.
      38. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен:
      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
      39. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      40. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
      41. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      42. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады. Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      43. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
      44. Егер төлеушi алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жеке басының өтініші мен орындау қағазының немесе сот орындаушысының берген алименттерден берешектігі туралы анықтама негізінде жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледi.
      45. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      46. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алименттi есепке алмай есептеледi.
      47. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
      48. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      49. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
      50. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Ережеге 3, 4, 5, 6 қосымшалардың негiзiнде есептейдi.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      51. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 килограмм өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Ережеге 4 қосымшаға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
      52. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      53. Осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және тағы басқа) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
      54. Осы Ереженiң 53-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
      55. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.
      56. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түрiндегi;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
      57. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      58. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      59. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің Ережесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 312/34 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

Өтініш

      Өтінушімен қоса ______________ адамнан тұратын, менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті төлеуге шығындарды өтеу бойынша жәрдемақы есептеуіңізді сұраймын.
      Мен және менің отбасымның мүшелері заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін, менің отбасымның мүшелерінің табысы туралы мәліметті тұрғын үй жәрдемақысының қызметіне беруге біздің келісіміміздің расталуындай, табыс туралы ақпаратты ашуға рұқсатымызды береміз.
      Мен өзіме жоғары мөлшерде және заңсыз өтемақы тағайындату үшін жалған, сенімсіз мәліметтерді тұрғын үй жәрдемақысы қызметіне ұсынғаныма бір жыл ағымында жәрдемақы алу құқығынан айрылатынымды, тұрғын үй жәрдемақысы түрінде заңсыз алынған сома белгіленген заңнамалық тәртіпте қайтарылуға жататынын білемін, меншікті тұрғын үй нысаны, отбасы құрамы немесе жиынтық табыстағы әрбір өзгерістер туралы 10 күн ағымында хабарлауға міндеттенемін.
      Алынған тұрғын үй жәрдемақысын есеп айырысуға келісіп, қызмет берушілер есепшотына аударуға міндеттенемін.

Өтінушілердің деректері

      Өтінушінің аты-жөні ___________________________________________
      Жеке басын куәләндыратын құжат деректері ______________________
                                                  туған күн мерзімі,
      _______________________________________________________________
                   жеке куәліктің N және берілген уақыты
      ИЖН ___________________________________________________________
      Табыс түрі ____________________________________________________
                     зейнетақы, жалақы, стипендия және тағы басқа
      Өтініште көрсетілген табыстан өзге табысым жоқ.
      Тұрғылықты жай ауданы _________________, көше _________________
      Үй N _________ пәтер N ______________ телефон _________________
      Құрамында ________________________ Тұрпаты ____________________
                ӨБК, ПМК және тағы басқа          жеке, мемлекеттік
      Жалпы алаң ____ кв.м. Қосымша алаң ____ кв.м. Бөлме саны ______
      Өтінушінің қолы _______________________________________________
      Беру мерзімі __________________________________________________

Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің Ережесіне
2 қосымша

Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке төлем бойынша шығындар туралы МӘЛІМЕТ

      Төлеуші _______________________________________________________
      Мекен-жай _____________________________________________________
      Жалпы алаң _________________ кв.м. Бөлме саны _________________
      Үйдің жалпы сипаттамасы _______________________________________
                                        (газ, лифт, ыстық су)
      Халық банкі филиалының N___________ есепшот N _________________

Төлем түрі

Тариф

Есептелді

Ұйымның мөртабаны

1. Тұрғын үйді ұстауға шығындар




2. Жылу




3. Суық су




4. Канализация




5. Электрмен жабдықтау




6. Газ




7. Қоқысты шығару




8. Телефон




9. Тұрғын үйді жалға алу




БАРЛЫҒЫ

Х



      Маманның қолы ___________________________________
      Қабылдау мерзімі ________________________________

Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің Ережесіне
3-қосымша

Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық аудандардың
ТIЗБЕСI

Қуаң дала аймағы

Қарағанды

1. Нұра

2. Қарқаралы

3. Осакаров

4. Абай

5. Бұқар жырау

Қарағанды қаласы

Сарань қаласы

Шахтинск қаласы

Темiртау қаласы

Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің Ережесіне
4-қосымша

Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа еңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-ағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

268




Арпа

25

188




Қарамық

5

150




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

15

91




Бiр жылдық шөптер

10

83




Картоп

70

1164




Көкөнiстер

80

1245




Бақшалар

115

518




Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

30

583




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)

22

514




Жидек дақылдары

23

819




Жүзім

22

595




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алатын орташа өнімділік килограмм (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-ағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)

1900

21034




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

179

16435




Шошқалар (шошқа еті)

110

9107




Қойлар, ешкілер ет/жүн

22/2,5

3042




Жылқы (жылқы еті)

124

7446




Түйе (түйе еті)

126

2979




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің Ережесіне
5-қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің Ережесіне
6-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
ҮЛГI ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________
      Үйiнiң мекен-жайы _____________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

Жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

Жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

х

х



Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

х

х

х

х

      200__ж. "__"_________ ________________________________________
                                 (өтiнiш берушiнiң қолы)
      ______________________________________________________________
            (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің Ережесіне
7 қосымша

      Ескерту. Шешім 7 қосымшамен толықтырылды - Шахтинск қалалық мәслихатының 2009.07.03 N 488/13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

200 __ ж _______________тоқсанда
Өтінушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы
МӘЛІМЕТ

      ______________________________ ______________________________
                   (АӘТ)               (мекенжайы, телефоны)

N

Отбасы мүшелерінің АӘТ

Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар тіркеу жөніндегі деректерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органның анықтамасымен растайды)

Табыстардың құжат арқылы расталған сомалары

Басқа мәлімделген табыстар

Табыс түрі

Сома, теңге

Табыс түрі

Сома, теңге







































































      Өтініш берушінің қолы______________________________

      Күні_______________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады