Шахтинск қалалық Маслихаттың "Азаматтарға тұрғын үй жәрдем ақыларын және тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету және қалалық телекоммуникация желілерінің абонентеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудегі ұсыныстар Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVІІ сессисының N 240/27 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 312/34 шешімі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 20 тамызда N 8-8-42 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының IV шақырылған XXI сессиясының 2010 жылғы 9 шілдедегі N 581/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының IV шақырылған XXI сессиясының 2010.07.09 N 581/21 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Теңестірілген нөмірлердің ұлттық реестрлері туралы" Қазақстан Респуликасының Заңымен сәйкес 2004 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Респуликасы Үкіметінің N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысымен, "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық Маслихаттың 10.10.2006 жылдағы ХХVII сессиясының N 240/27 "Азаматтарға тұрғын үй жәрдем ақыларын және тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету және қалалық телекоммуникация желілерінің абонентеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы ұсынудағы Ережені бекіту туралы" 2006 жыдың 3, 10 қарашасындағы "Шахтинский Вестник" газетінің N 43, 44 басылған (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-28), шешіміне келесідегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 бөлім Жалпы ереженің 1 тарм. 1) "тұрғын үйді ұстауға төлем бойынша" сөзінен кейін "көп бөлмелі тұрғын үй кондоминимумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу" сөзімен толықтырылсын.
      2) 2 тармақ "тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне, қатты отын сатып алуға және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындардың шекті үлесі" сөзінен кейін "тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу кестесі, жоспарланған жөндеу жұмыстарының көлемі және олардың шектік құны" сөзімен толықтырылсын.
      3) 4 тармақ "тұрғын үйді ұстауға төлем" сөзінен кейін "көп бөлмелі тұрғын үй кондоминимумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу" сөзімен толықтырылсын.
      4) 9 тармақ "тұрғын үйді ұстауға есептелген төлем" сөзінен кейін "көп бөлмелі тұрғын үй кондоминимумы объектісің жалпы мүлкін күрделі жөндеу" сөзімен толықтырылсын.
      5) 10 тармақ "көп бөлмелі тұрғын үй кондоминимумы объектісің жалпы мүлкін күрделі жөндеу үшін енгізілген тұрғын үй жәрдемакысы сомасын кондоминимум объектісің арнайы жинақтаушы есепшотына жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган аударады" сөзімен толықтырылсын.
      6) 14 тармақ 6) тармақшадағы "тұрғын үйді ұстауға" сөзінен кейін "көп бөлмелі тұрғынүй кондоминимумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу" сөзімен толықтырылсын".
      7) 18 тармақ "тұрғын үйді ұстауға" сөзінен кейін "көп бөлмелі тұрғын үй кондоминимумы объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу" сөзімен толықтырылсын.
      8) N 1 қосымшадағы "Жеке куәлік деректері" сөзі "Жеке басын куәләндыратын құжат деректері" сөзімен ауыстырылсын, "СТН" аббревиатурасы "ИЖН" болып ауыстырылсын, "ӘЖК" қатары алынсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.

      Сессия төрағасы:                           Поляков А.

      Қалалық Маслихаттың хатшысы:               Байманов М.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады