Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 203 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2006 жылғы 17 шілдеде N 8-15-33 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2009 жылғы 08 қыркүйектегі N 172 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2009.09.08 N 172 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 қаулысына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңына, еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау Министрінің "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-П Бұйрығының 2 тармағына сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін (қоса тіркелген).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңдылықтары мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы И.Л. Зиньковский).

      Сессия төрағасы                            Е. Ермолаев

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Е. Сүлейменов

Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 23 маусымдағы
26 сессиясының N 203 шешімімен
бекітілді.

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасы

      Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй–коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2007.07.16 N 278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі және ағымдағы жөндеуді қоса алғанда, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;
      2) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
      3) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      4) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
      5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім);
      6)жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
      7) қалалық телекоммуникация желісінің абоненті - қалалық телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін, осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы жеке тұлға;
      8) қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) – тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы;
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2007.07.16 N 278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға кондоминум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі және ағымдағы жөндеуді қоса алғанда, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді (жыл сайын Мәслихаттың шешімімен сәйкесінші жылға бюджетті бекіту кезінде белгіленеді).
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2007.07.16 N 278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) 2007.12.21 N 32 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

      3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөліммен келесі мөлшерде беріледі:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
      2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
      газ:
      үй отыны бар жағдайда – 5 килограмм;
      орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда - айына 8 килограмм;
      орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм;
      қатты отын:
      1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 10 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
      Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
      отбасына электр қуатын тұтыну:
      газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
      электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
      3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
      4) Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың кондоминиум объектісін жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасауға жұмсалатын қаражаттары кондоминиум объектісінің жалпы көлемінен жәрдемақы алушының жеке меншік көлемінің теңдігі жолымен анықталады. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасау пәтерлердің иелерімен жалпы жиналыста бекітіледі
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2007.07.16 N 278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      4. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
      5. Қалалық телекоммуникация желісінің абонентіне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
      Аудару белгіленген тәртіппен бекітілген "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы мақсатты трансферттер".

3. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау және төлеу тәрібі

      6. Тұрғын үй жәрдемақылары осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады.
      Ескерту. 6 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2007.12.21 N 32 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      7. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
      8. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған 80 жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
      9. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
      10. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.
      11. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының сомасы комммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
      Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
      12. Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
      13. Тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатуға және оны бермеуге Бөлімнің құқығы бар. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін әлеуметтік комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысын қатыстырумен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
      14. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларын беру мерзімдері

      15. Тұрғын үй жәрдемақылары тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
      Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
      Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасыларына, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
      16. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
      17. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
      18. Жәрдемақыға құқықтыларды анықтау кезінде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.

5. Тұрғын үй жәрдемақыларын өтіну және есептеу тәртібі

      19. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келесі құжаттармен өтінеді:
      1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
      4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
      6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
      7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
      8) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
      9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;
      10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
      20. Құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      21. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
      22. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
      23. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
      24. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақысын алушысының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.

6. Жиынтық табысты есептеу тәртiбi

      25. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын Жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі есептейдi (бұдан әрi – Бөлім).
      26. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      27. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
      28. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      29. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
      30. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
      31. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.

7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын табыс түрлерi

      32. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыс.
      33. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      6) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      7) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      9) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін заттай көмек түрлерi:
      дәрілiк препараттар;
      санаторийлiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру.
      11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.
      13) мектеп оқушыларына берілетін ыстық тамақтың құны мен "Жалпыоқыту" қорынан көрсетілетін көмек, аз қамтылған азаматтарға ақшалай немесе заттай түрінде азық-түлік тағамдарының бағасының өсуіне байланысты көрсетілетін көмек.
      Ескерту. 33 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2007.12.21 N 32 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

8. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрінде алынған табыс

      34: Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынадай (осы Қағиданың 9-тармағында көрсетiлгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (қаржыландыру көзiне қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
      Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді.
      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатарындағы және басшы құрамындағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
      жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
      жұмыс берушi төлеген несие сомасы. Көрсетiлген төлемдер несиені өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы;
      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
      заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес берiлетiн, осы Қағиданың 9-тармағының 10 тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
      осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
      35. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      36. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердiгерлiк және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
      37. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және тағы басқаларын жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
      38. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
      39. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.

9. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс

      40. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен:
      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
      41. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      42. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
      43. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

10. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс

      44. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      45. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
      46. Егер төлеушi алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледi.
      47. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      48. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алименттi есепке алмай есептеледi.
      49. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

11. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

      50. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      51. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
      52. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Қағиданың 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларының негiзiнде есептейдi.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      53. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 килограмм өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Қағидаға 2, 3-қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
      54. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      55. Осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және тағы басқалары) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
      56. Осы Қағиданың 30-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
      57. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.

12. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыс

      58. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түрiндегi;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
      59. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      60. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      61. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 23 маусымдағы
26 сессиясының N 203 шешіміне
1-қосымша

Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық аудандардың
ТIЗБЕСI

2. Қуаң дала аймағы

Қарағанды облысы

1. Осакаров ауданы

Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 23 маусымдағы
26 сессиясының N 203 шешіміне
2-қосымша

Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-баған х 4-баған)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaған - 3-баған)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

268




Арпа

25

188




Қарамық

5

150




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

15

91




Бiр жылдық шөптер

10

83




Картоп

70

1164




Көкөнiстер

80

1245




Бақшалар

115

518




Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

30

583




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)

22

514




Жидек дақылдары

23

819




Жүзім

22

595




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алатын орташа өнімділік килограмм (литр)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң, (1 литр жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы теңге (2-баған х 4-баған)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaған - 3-баған)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)

1900

21034




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

179

16435




Шошқалар (шошқа еті)

110

9107




Қойлар, ешкілер ет/жүн

22/2,5

3042




Жылқы (жылқы еті)

124

7446




Түйе (түйе еті)

126

2979




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




Жүзім






Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 23 маусымдағы
26 сессиясының N 203 шешіміне
3-қосымша

Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-баған. х 4-баған.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaған - 3-баған)

1

2

3

4

5

6

Бидай

10

226




Арпа

15

174




Қарамық

8

153




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

10

91




Бiр жылдық шөптер

10

84




Картоп

70

1102




Көкөнiстер

90

1249




Бақшалар

85

458




Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

22

525




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)

20

498




Жидек дақылдары

10

589




Жүзім

20

564




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, килограмм (литр)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-баған x 4-баған)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), с теңге (5-баған - 3-баған)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)

1100

19944




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

165

16016




Шошқалар (шошқа еті)

110

8462




Қойлар, ешкілер ет/жүн

22/2,25

1200/105




Жылқы (жылқы еті)

138

6044




Түйе (түйе еті)

1140

2925




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 23 маусымдағы
26 сессиясының N 203 шешіміне
4-қосымша

АЗЫҚ-ТҮЛIКТIК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН YЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ ЖАСЫ

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 23 маусымдағы
26 сессиясының N 203 шешіміне
5-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
ҮЛГI ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________
      Үйiнiң мекен-жайы _____________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

х

х


х

Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

х

х

х


      200__ж. "__"_________ __________________________________
                              (өтiнiш берушiнiң қолы)
      ________________________________________________________
            (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады