Байланыс формасы

Махамбет ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 19 маусымдағы N 29 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі N 319-ІІІ бірлескен шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 14 тамызда N 2473 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 30 мамырдағы ұйғарымы және Махамбет аудандық мәслихаты мен Махамбет ауданы әкімінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 261 бірлескен шешімінің негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешеміз:
      1. Махамбет ауданының төмендегі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
      1) Чкалов ауылдық округінің Чкалов ауылы Бейбарыс ауылы;
      2) Чкалов ауылдық округінің Редут ауылы Талдыкөл ауылы;
      3) Чкалов ауылдық округінің Сорочинко ауылы Аққайың ауылы;
      4) Ақтоғай ауылдық округінің Топайлы ауылы Өтешқали Атамбаев ауылы;
      5) Ақтоғай ауылдық округінің Канал ауылы Бала Ораз ауылы;
      6) Ақтоғай ауылдық округінің Карманов ауылы Кеңөріс ауылы болып қайта аталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 9.10.2014 № 19 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 326-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі казіргі әкімшілік-аумақтық бірліктердің есепті деректеріне өзгеріс енгізсін.
 
 

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      XXІ сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады