Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 29 наурызда N 2963 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі N 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.04.04 N 56 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы""Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жыл сайын сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында әскерге шақырудан кейінгі қалдыру немесе шақырудан босату құқықтары жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды Қарулы Күштер, басқа да әскери бөлімдер мен әскери құрамаларды жасақтауға қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақырсын.
      2. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері:
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімдерінің) қарауына дәрігерлік тексеру жүргізу үшін жабдықталған бөлме-жайлар, қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші адамдарды, сондай-ақ әскерге шақырушыларды облыстық жинақтау пунктіне тасымалдайтын автокөліктер бөлсін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде басқа да қажетті шараларды алсын.
      3. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау, қаржы, ішкі істер департаменттері мен осы мәселеге қатысы бар басқа да мемлекеттік органдар Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне осы қаулыны жүзеге асыру барысында көмек көрсетсін.
      3-1. Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы мемлекеттік мекемесі медициналық комиссиялардың қызметкерлерін оқыту, сондай-ақ медициналық комиссиялар қызметкерлерінің еңбекақылары мен іссапар шығыстарын төлеуді жүргізсін.
      Ескерту. 3-1 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.02.25 N 24 Қаулысымен.
      4. 1 қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясы құрылып, оның құрамы бекітілсін және облыстық шақыру комиссиясының құрамында облыстық медициналық комиссиясы құрылсын.
      5. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (қосымша 2).
      6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 65 "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке шақырудың мәселелері туралы" қаулысы бұзылсын.
      7. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті облыс әкіміне шақыру барысы туралы мәлімдеп отырсын.

      Облыс әкімі

Қосымша 1
облыс әкімдігінің
2006 жылғы 24 наурыздағы
N 115 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.02.25 N 24; өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.05.18 N 106 Қаулыларымен.

Облыстық шақыру комиссиясының
құрамы

      Ғалеев Данияр Жақсылықұлы - Батыс Қазақстан облысы
                                  қорғаныс iстерi жөнiндегi
                                  департаментiнiң бастығы,
                                  комиссия төрағасы

      Церковников Сергей        - Батыс Қазақстан облысы
      Николаевич                  жұмылдыру дайындығы,
                                  азаматтық қорғаныс,
                                  авариялар мен дүлей
                                  апаттардың алдын алуды
                                  және жоюды ұйымдастыру
                                  басқармасының бастығы,
                                  төрағаның орынбасары

      Мерғалиева Маржан         - комиссия хатшысы
      Балжұманқызы

Комиссия мүшелерi:

      Лямов Ғизатолла Темірұлы  - Батыс Қазақстан облысы
                                  денсаулық сақтау басқармасы
                                  бастығының орынбасары

      Байдиев Батырбек          - Батыс Қазақстан облысы
      Идиатұлы                    қорғаныс iстерi жөнiндегi
                                  департаментi бастығының
                                  көмекшiсi (медициналық
                                  комиссияның төрағасы -
                                  дәрiгер)

      Төремұратов Бисен         - Батыс Қазақстан облысы
      Шафхатұлы                   iшкi iстер департаментi
                                  бастығының орынбасары

      Сабыров Нұрлан Меңешұлы   - Батыс Қазақстан облысы
                                  бiлiм басқармасы бастығының
                                  орынбасары

      Қангелдиев Қалеш Сайынұлы - Батыс Қазақстан облысы
                                  қорғаныс iстерi жөнiндегi
                                  департаментi бастығының
                                  орынбасары

      Бекарыстанов Тұрарбек     - Батыс Қазақстан облысы
      Жарасбайұлы                 туризм, дене шынықтыру және
                                  спорт басқармасы оқу-спорт
                                  және туризм жұмыстары
                                  жөніндегі бөлiмiнiң бастығы

Комиссияның резервтiк құрамы:

      Комиссия төрағасы         - Батыс Қазақстан облысы
                                  қорғаныс iстерi жөнiндегi
                                  департаментi бастығының
                                  орынбасары

      Төраға орынбасары         - Батыс Қазақстан облысы
                                  жұмылдыру дайындығы,
                                  азаматтық қорғаныс,
                                  авариялар мен дүлей
                                  апаттардың алдын алуды
                                  және жоюды ұйымдастыру
                                  басқармасының бөлiм бастығы

Қосымша 2
облыс әкімдігінің
2006 жылғы 24 наурыздағы
N 115 қаулысымен бекітілген

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу
кестесі

      Мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскер жасындағы азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізу:
      сәйкесті жылдың 1 сәуірі мен 30 маусым және 1 қазан мен 30 желтоқсан аралығында.
      Әскерге шақырушыларды облыстық жинақтау пунктінен Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен басқа да әскери құрылымдарына жөнелту:
      сәйкесті жылдың 10 мамыры мен 30 маусым және 10 қазан мен 30 желтоқсан аралығында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады