"Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 25 тамыздағы N 61-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы N 8-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4515 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 12 қарашадағы N 340-НҚ бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2008.11.12 N 340-НҚ бұйрығымен.

      ____________________Бұйрықтан үзінді____________________

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) ...;
      2) "Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 19 қаңтарда N 4515 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 2 ақпанда N 17 (1220) жарияланған "Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 25 тамыздағы N 61-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы N 8-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                       Е.Есенбаев

      " Мемлекеттік кәсіпорын туралы ", " Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 25 тамыздағы N 61-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 930 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 32, 494-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесінде:
      барлық мәтін бойынша "уәкілетті" деген сөз "монополияға қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті туралы ережеге сәйкес мемлекеттiк кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтерi мен жұмыстарына (бұдан әрi - қызметтер) бiрыңғай есептеу әдiснамасы мен бағаны ұсынуды, қарауды және бекiтудi белгiлеу мақсатында әзірленді".

      2-тармақта:
      бірінші абзац "(мемлекеттік монополия субъектілерін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "монополияға қарсы орган - бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік орган;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Бағаларды қалыптастыру реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрлері бойынша және өзге қызмет бойынша тұтастай кірістердің, шығыстардың бөлінісі есебінің негізінде жүзеге асырылады.";

      21-баптың екінші абзацы ", сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі қысқарған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Ішкі Әкімшілік ету басқармасы (Е.А.Бекбосынов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жариялауды қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Р.А.Ақбердинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады