"Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2007 жылғы 15 мамырдағы N 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4719 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 587 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.11.29.  N 587 Бұйрығымен.

       БҰЙЫРАМЫН:
      "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3627 тіркелген, 2005 жылғы шілдеде, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің N 16 санында жарияланған; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы  N 400 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыру енгізілген, мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3692 тіркелген, 2005 жылғы шілдеде, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің N 16 санында жарияланған; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 29 наурыздағы  N 151 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4207 тіркелген, 2006 жылғы 12 мамырдағы N 84-85 "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:

      9-тармақтың екінші абзацында "мәдениет және өнер" сөздері алынып тасталсын;

      10-тармақта "жалпы білім беретін мектептерінің" деген сөздері "орта жалпы білім беретін оқу орындарының" деген сөздермен, "сараптама комиссиялары" деген сөздері "сараптама" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11-тармақтың екінші абзацында "жалпы білім беру ұйымдарының" деген сөздер "орта жалпы білім беретін оқу орындарының" деген сөздермен ауыстырылсын, "кешенді тестілеудің нысанында" сөздері "жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән өткізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақта "мәдениет және өнер" сөздері "9-тармақта көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта "білім" деген сөзден кейін "11-тармақта көрсетілген "орта білімі барлары" деген сөздермен толықтырылсын;

      17-тармақтың жетінші абзацында "жалпы негізгі білімі барлар үшін екі пәннен кемінде 20 балл" деген сөздерден кейін "медицина мамандықтары бойынша кемінде 30 балл", "сондай-ақ, жалпы орта білімі барлар үшін үш пәннен кемінде 30 балл" деген сөздерден кейін "медицина мамандықтары бойынша кемінде 40 балл "жинаған азаматтар" деген сөздермен толықтырылсын;

      18-тармақта "сараптама комиссиялары" деген сөздері "сараптама" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың нақты орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады