"Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 422 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5058 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 395 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 489 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы-қаражат" баспасы 1998 жылы жеке ресми басылым етіп жариялаған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 81 болып тіркелген "Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 184, Қазынашылық комитеті төрайымының: Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 825 болып тіркелген" Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 25 мамырдағы N 238, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1188 болып тіркелген "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 12 маусымдағы N 278, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 18, 385-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1431 болып тіркелген "Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 17 наурыздағы N 141, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 22, 408-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1487 болып тіркелген "Мемлекеттiк мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 30 наурыздағы N 159, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1546 болып тіркелген "Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 18 мамырдағы N 260, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 19, 600-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1793 болып тіркелген "Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылғы 18 ақпандағы N 67, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 38, 698-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1952 болып тіркелген "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 2 тамыздағы N 353, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2788 болып тіркелген "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 17 наурыздағы N 17, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. маусым, N 15, 115-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3677 болып тіркелген "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 20 мамырдағы N 24, "Юридическая газетінде" 2007 жылғы 18 мамырда N 74 (1277) жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4662 болып тіркелген "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 42 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:
      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықта:
      бүкіл мәтін бойынша 090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты" және 100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары" қосалқы шоттарының атауы "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерге қабылдауға арналған рұқсаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "099 "Сыртқы қарыздардың есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" деген сөздер "Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша рұқсаттар" деген сөздермен, "239 "Сыртқы қарыздар қаражатынан жобаларды қаржыландыру" деген сөздер "239 "Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар қаражатынан жобаларды қаржыландыру" деген сөздермен, "099 "Сыртқы қарыздар есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" деген сөздер "099 "Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32-тармақта:
      І "Активтер" бөлімінде:
      "Қосалқы шоттың атауы" және "с/е нөмірі" деген бағандар мынадай мазмұндағы екінші абзацпен және тиісінше сандармен толықтырылсын:
      "Жер                       010-1";
      V "Ақшалай қаржылар" бөлімінде:
      "Қосалқы шоттың атауы" және "с/е нөмірі" деген бағандар мынадай мазмұндағы үшінші мен он үшінші абзацтармен және тиісінше сандармен толықтырылсын:

      "Трансферттер бойынша рұқсаттар       095;
      Мемлекеттік мекеменің карт-шоты       114";
      "Қосалқы шоттың атауы" бағанында бесінші абзацта "Сыртқы қарыздардың" деген сөздерден кейін "және байланысты гранттардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      VІІ "Есеп айырысулар" бөлімінің "Қосалқы шоттың атауы" бағанының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ғылыми әзірлемелер жөніндегі есеп айырысулар";
      VІІІ "Шығыстар" бөлімінде:
      "Қосалқы шоттың атауы" және "с/е нөмірі" деген бағандар мынадай мазмұндағы екінші мен бесінші абзацтармен және тиісінше сандармен толықтырылсын:
      "Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар      201;
      Трансферттер бойынша шығыстар                205";
      ІХ "Қаржыландыру" бөлімінде:
      "Қосалқы шоттың атауы" және "с/е нөмірі" деген бағандар мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен және тиісінше сандармен толықтырылсын:
      "Трансферттер бойынша қаржыландыру      234";
      "Қосалқы шоттың атауы" бөліміндегі бесінші абзацта "сыртқы заемдардың" деген сөздерден кейін "және байланысты гранттардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      34-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "010-1 "Жер";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
      "35-1. 010-1 "Жер" қосалқы шотында шығыстардың экономикалық сыныптамасының 451 "Жерді сатып алу" ерекшелігі бойынша бюджеттен бөлінетін қаражаттың есебінен сатып алынған жердің кез-келген түрі, ормандар, ішкі сулар мен пайдалы қазбалардың кен орындары ескеріледі.";

      60-тармақта "бойынша да" деген сөздерден кейін "және 010-1 "Жер" қосалқы шотында ескерілетін активтер бойынша да" деген сөздермен толықтырылсын;

      113-тармақтың бірінші абзацында:
      "сыртқы заемдарсыз" деген сөздерден кейін "және байланысты гранттарсыз" деген сөздермен толықтырылсын;
      "лимиттердің" деген сөз "қаражаттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      115-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар";

      мынадай мазмұндағы 118-1-тармақпен толықтырылсын:
      "118-1. 095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар" қосалқы шотында трансферттер бойынша берілген рұқсаттар ескеріледі, олар жалпы сипаттағы трансферттерге, нысаналы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.
      Бюджеттен трансферттер бойынша рұқсаттар алу кезінде 095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының дебеті және 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері аударған нысаналы ағымдағы трансферттер мен нысаналы даму трнасферттерінің сомасына ақы төлеуге шоттың негізінде 194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетіне және 095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Төмен тұрған бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен аударылған жалпы сипаттағы трансферттердің сомасына 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 095 "Ресми трансферттер бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.";

      120-1-тармақта:
      бірінші абзацта ", оның ішінде жалпы сипаттағы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы даму трансферттері болып бөлінетін трансферттердің қозғалысы" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзацта "және трансферттер бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;

      120-3-тармақтың бірінші сөйлемінде "қарыздар" деген сөзден кейін "және байланысты гранттар" деген сөздермен толықтырылсын;

      129-бапта:
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "114 "Мемлекеттік мекеменің карт-шоты";
      оныншы абзацта:
      "2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 447" деген сөздер "2007 жылғы 2 сәуірдегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "3333" деген сандар "4627" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 132-2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "132-2-1. 114 "Мемлекеттік мекеменің карт-шоты" қосалқы шотында мемлекеттік мекеменің карт-шотындағы ақша қозғалысы ескеріледі.
      Мемлекеттік мекеменің карт-шотын толықтыру сомасына 114 "Мемлекеттік мекеменің карт-шоты" қосалқы шоты дебеттеледі және 09 "Бюджет бойынша рұқсаттар", 10 "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар", 11 "Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары және мемлекеттік мекеменің шоттары" шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
      Есеп беретін тұлға корпоративтік төлем карточкасы бойынша карт-шоттан алған ақшаның сомасына 160 "Есеп беретін адамдармен есеп айырысулар" дебеті және 114 "Мемлекеттік мекеменің карт-шоты" кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып бюджет ақшасын нысаналы пайдалануды талдамалы есепке алу кітапта 453-нысан бойынша жүргізіледі.";

      135-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Капитал салымдарын қаржыландыру қаражатының есебінен шетел валютасына сатып алу кезінде 178 "Өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" қосалқы шоты дебеттеледі және 093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар" қосалқы шоты кредиттеледі. Шетел валютасы шетел валютасындағы шотқа түскен кезде 118 "Шетел валютасындағы шот" қосалқы шоты дебеттеледі және 178 кредиттеледі. Егер құрылыс мердігерлік тәсілмен жүргізілсе, жеткізушілермен шетел валютасында есеп айырысу кезінде 150 "Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар" қосалқы шоты дебеттеледі, бұл ретте орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуге қабылданған шоттардың сомасына мердігермен есеп айырысу кезінде 118 қосалқы шоты кредиттеледі.";

      149-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар";

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "151. 152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында кәсіпорындармен және ұйымдармен олардың ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға, ғылыми зерттеулерге, ғылыми-техникалық жұмыстарға және бюджет қаражатының есебінен басқаларға арналған тапсырмаларды орындауы жөніндегі есеп айырысулары ескеріледі.
      152 қосалқы шотының дебетіне бюджет шотынан ғылыми әзірлемелерге аударылған сома жазылады, бұл ретте 090 қосалқы шоты кредиттеледі. Кәсіпорындар орындаған ғылыми әзірлемелер жөніндегі жұмыстардың сомасына 201 қосалқы шоты дебеттеледі және 152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі.
      Осы қосалқы шот бойынша талдамалы есеп әрбір мемлекеттік мекеме бойынша 292 н-а карточкаларында жүргізіледі.";

      158-тармақтың төртінші абзацында "Карт-шоттан" деген сөздерден кейін "корпоративтік төлем карточкасы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      159-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

      191-2-тармақта: 
      төртінші абзацта 096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер" қосалқы шотының дебеті және 142 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының кредиті" деген сөздер "095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының дебеті және 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта:
      "096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер" деген сөздер "095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "202 "Басқа да бюджеттер есебінен шығыстар" деген сөздер "205 "Трансферттер бойынша шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "142 қосалқы шоттың дебеті және 202 қосалқы шоттың кредиті" деген сөздер "095 қосалқы шоттың дебеті және 205 қосалқы шоттың кредиті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      191-3-тармақта:
      он бесінші абзацта 096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер" қосалқы шотының дебеті және 142 "Басқа бюджеттердің есебінен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының кредиті" деген сөздер "095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының дебеті және 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он алтыншы абзацта "096" деген сан "095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "202 "Басқа да бюджеттер есебінен шығыстар" деген сөздер "205 "Трансферттер бойынша шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "142 қосалқы шоттың дебеті және 202 қосалқы шоттың кредиті" деген сөздер "234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының дебеті және және 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының кредиті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      191-4-тармақта:
      екінші абзацта "096" деген сан "095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "202 "Басқа да бюджеттер есебінен шығыстар" деген сөздер "205 "Трансферттер бойынша шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      195-тармақта:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "201 "Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар";
      төртінші абзацта "есеп айырысу" деген сөздер "шығыстар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "205 "Трансферттер бойынша шығыстар";

      мынадай мазмұндағы 196-2-тармақпен толықтырылсын:
      "196-2. 201 "Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелердің ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға, ғылыми зерттеулерге, ғылыми-техникалық жұмыстарға және бюджет қаражатының есебінен басқаларға арналған шығыстары ескеріледі.
      Кәсіпорындар орындаған ғылыми әзірлемелер жөніндегі жұмыстардың сомасына 201 қосалқы шоты дебеттеледі және 152 "Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі.
      Бір жылдың ішінде ғылыми жұмыстардың аяқталған және қабылданған нәтижелері бойынша шығындар 201 қосалқы шотында есептеледі. Жылдың аяғында бұл шығындар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінде 230 қосалқы шотының немесе мемлекеттік мекемелерде 140 қосалқы шотының дебетіне есептен алынады.
      Қабылдау актілерінің негізінде ғылыми жұмыстардың аяқталған және қабылданған нәтижелері 01 немесе 07 шотының тиісті қосалқы шоттарының дебеті және 250 немесе 260 қосалқы шотының кредиті бойынша жазылады.
      Аяқталмаған және аяқталған, бірақ ғылыми жұмыстардың нәтижесі бойынша қабылданбаған шығындар 201 қосалқы шоты бойынша келесі жылдың балансына өтеді.
      201 қосалқы шоты бойынша шығыстарды талдамалы есепке алу 294 н. кітабында жүргізіледі.";

      198-тармақтың бірінші абзацында:
      "есеп айырысу" деген сөз "шығыстар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жұмсалатын" деген сөзден кейін "ұлттық және шетел валюталарындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 198-2-тармақпен толықтырылсын:
      "198-2. 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотында төмен тұрған бюджеттерге трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізген шығыстар ескеріледі.
      Жыл аяқталғаннан кейін 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотынан шығыстар 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының дебетіне есептен шығарылады.
      Шығыстарды талдамалы есепке алу N 294 нысан бойынша кітапта бюджеттік бағдарламалар, кіші бағдарламалар және шығыстардың ерекшеліктері бойынша жүргізіледі.";

      209-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру";

      213-1-тармақта:
      бірінші абзацта "және" деген сөзден кейін "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші абзацта:
      "және" деген сөзден кейін "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 213-2-тармақпен толықтырылсын:
      "213-2. 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төмен тұрған бюджеттерге арналған трансферттер бойынша алынған қаржыландыруды ескереді.
      234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының кредитіне алынған рұқсаттардың сомасы жазылады.
      234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының дебетіне жыл аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын шығыстардың сомасы жазылады.
      Жылдың аяғында жүргізілген шығыстарды есептен шығару 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының дебеті және 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазбамен жүзеге асырылады.
      234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу карточкаларда N 292-а нысаны бойынша (кітапта N 292 нысаны бойынша) жүргізіледі.";

      "Негізгі бухгалтерлік операциялар бойынша қосалқы шоттардың хабарламасы" қосымшасында:
      5 "Ақша қаражаты" бөлімінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 63-1 және 64-2-жолдармен толықтырылсын:
      "63-1   Бюджеттен трансферттер бойынша            095   234
              рұқсаттар алған кезде жазба жүргізіледі
      64-2    Мемлекеттік мекеменің карт-шотын         114 09, 10,
              толықтыру сомасына жазба жүргізіледі            11";
      реттік нөмірі 67-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 72-жолда "Қолма-қол ақша алу үшiн Қазынашылықтың аумақтық органының транзиттік шотына (889)" деген сөздер "Банкте қолма-қол ақша алу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 85-жолда "ағымдағы шоттан қолма-қол ақша алу үшiн қазынашылықтың аумақтық органының транзиттiк шотына (889)" деген сөздер "банкте ҚБШ-дан қолма-қол ақша алу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 86-жолда "ағымдағы шоттан" деген сөздер "ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 87, 88 және 91-жолдарда "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін қаражаттарға арналған ағымдағы шотқа" деген сөздер "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 92-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "92    Валютаны бюджет қаражаты және ҚБШ     178 090, 100,              ақылы қызметтер, қайырымдылық,            110, 111,
             демеушілік көмек, жеке немесе заңды            112
             тұлғалардың ақшасын уақытша
             орналастыру есебінен сатып алу         ";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 94-1-жолмен толықтырылсын:
      "94-1  Есеп беретін адам корпоративтік төлем    160  114
             карточкасы бойынша карт-шоттан алған
             ақшаның сомасына жазба жүргізіледі      ";
      реттік нөмірі 105-жолда "депозиттік қаражат жөніндегі шотқа" деген сөздер "жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-ға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7 "Есеп айырысулар" бөлімінде:
      реттік нөмірі 114-жолда "Бюджеттік мәтiн бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарға олардың орындаған тапсырыстары үшiн мемлекеттік мекемелерге бюджеттік шоттан" деген сөздер "ғылыми әзірлемелерге арналған бюджеттік шоттан соманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 114-1-жолмен толықтырылсын:
      "114-1  Кәсіпорындар орындаған ғылыми әзірлемелер 201  152
              жөніндегі жұмыстардың сомасына        ";
      реттік нөмірі 118-жолда "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін қаржыларға арналған шотқа" деген сөздер "ақылы қызметтер бойынша ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 126-жолда "Қолма-қол ақша алу үшiн Қазынашылықтың аумақтық органының транзиттiк шотына (889)" деген сөздер "банкте қолма-қол ақша алу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 141-жолда "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін қаражаттарға арналған шотқа" деген сөздер "ақылы қызметтер жөніндегі ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 146-1, 147-1, 168-1-тармақтармен толықтырылсын:
      "146-1  Капитал салымдарын қаржыландыру            178  093
              қаражатының есебінен шетел валютасын
              сатып алу кезінде жазба жүргізіледі
      147-1   Егер құрылыс мердігер тәсілімен жүргізілсе, 150 118
              өнім берушілермен шетел валютасында есеп
              айырысу кезінде жазба жүргізіледі
      168-1   Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік           194 095
              бағдарламаларының әкімшілері аударған
              нысаналы трансферттердің сомасына жазба
              жүргізіледі                            ";

      8 "Шығыстар" бөлімі мынадай мазмұндағы 172-1-жолмен толықтырылсын:
      "172-1    Төмен тұрған бюджеттің атқарылуы        205  095
                жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік
                бағдарламалардың әкімшісінен аударылған
                жалпы сипаттағы трансферттердің сомасына
                жазба жүргізіледі                        ";

      9 "Қаржыландыру" бөлімінде:
      4-бағанда реттік нөмірі 176-жол "200" деген саннан кейін "201" деген санмен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 177-жолда "сыртқы қарыздардың" деген сөздерден кейін "және байланысты гранттардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 180-1-жолмен толықтырылсын:
      "180-1    Жылдың аяғында жүргізілген шығыстарды     234  205
                есептен шығару жазбамен жүзеге асырылады  ";

      10 "Мақсатқа бағытталған қорлар мен қаражаттар" бөлімнің реттік нөмірі 186-жолда "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттан" деген сөздер "ақылы қызметтер бойынша ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12 "Кірістер" бөлімінің реттік нөмірі 191-жолда "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін қаражаттарға арналған шотқа" деген сөздер "ақылы қызметтер жөніндегі ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (А.Н. Түсіпбековке) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады