Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 659 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 17 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5096 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 468 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.09.28 N 468  (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі бекітілсін.

      2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы       
Білім және ғылым министрлігінің  
2007 жылғы»27 желтоқсанда      
N 659 бұйрығымен          
бекітілген              

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің
және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібін реттейді.

      2. Шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға білім берудің конституциялық құқығын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге кепілдік беріледі.

  2. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды
қабылдау және оқытуды ұйымдастыру тәртібі

      3. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды оқуға қабылдау, олардың оқуын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарымен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады.

      4. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар балаларының ата-анасы немесе заңды өкілі білім беру ұйымдарына өз баласын оқуға берген кезде тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқығы бар құжатын ұсынуы тиіс:
      шетелдіктер - Қазақстан Республикасында тұру түрі;
      азаматтығы жоқ тұлғалар - азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі.

      5. Ата-аналарымен Қазақстан Республикасында тұратын шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларының тұлғасын куәландыратын ұлттық паспорты (алыс шетелдер үшін) немесе туу туралы куәлігі болуы керек. Он алты жасқа келген балалар ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен бірге ішкі істер органдарында тіркеледі.

      6. Білім беру ұйымдары міндетті түрде алғашқы кезеңде оралмандардың балалары үшін оларды қазақ әліпбиіне үйрету мақсатында екі апталық курстарды өткізеді.

      7. Білім беру ұйымдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын олардың шетелде алған білімінің деңгейіне сәйкес тиісті сыныптарға бөледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады