"Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы N 23-4қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 31 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 459 болып енгізілді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысына (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 26 қаңтарда N 308 болып тiркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы N 21 "Астана хабары"; 2004 жылғы 27 наурыздағы N 34 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған, Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 6 мамырдағы N 3-1-323қ қаулысымен енгізілген өзгеріс пен толықтыруы бар Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2005 жылғы 31 мамырда N 389 болып тiркелген; 2005 жылғы 7 маусымдағы N 75 "Астана хабары"; 2005 жылғы 4 маусымда N 82-83 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру ережесіне 3-қосымшада:
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі "Астана қаласының Әділет департаменті" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      Әкiм

      Әкiмнiң бiрiншi орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiм аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Мемлекеттік-құқықтық
      бөлiмiнiң меңгерушiсi

      "Астана қаласының Жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
      департаментi" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады