Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 342 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 19 сәуірде N 3202 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.12.21 № 236 шешімімен.

       "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 473 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14 бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшері бекітілсін (1, 2, 3 қосымша).

      2. Орманды пайдалану төлемақысынан түскен қаражат, жергілікті бюджет кірісіне жіберілсін.

      3. "Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті" ММ, аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері төлем салушыларға орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлеме көлемін жеткізсін.

      4. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 4 шілдеде N 3184 тіркелген 2006 жылғы 21 маусымдағы N 269 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының 2006 жылға арналған мөлшерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың           Облыстық мәслихаттың
         сессия төрағасы                     хатшысы

Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 4 сәуірдегі
N 342 шешіміне
1 қосымша

Мемлекеттік орман қоры участкелерінде арзан қолды орман
материалдарын дайындауға мөлшерлеме төлемдері

N

Пайдалану түрлері

Мөлшерлеме
төлемі

1

Сыпырғыш дайындау, өрілетін материалдар (шөпшек)

1м3 40 теңге

2

Сыпырғыш дайындау (қайыңның шөпшегі)

1м3 26 теңге

Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 4 сәуірдегі
N 342 шешіміне
2 қосымша

Мемлекеттік орман қоры участкелерін
пайдаланғаны үшін мөлшерлеме төлемдері

N

Пайдалану түрлері

Мөлшерлеме
төлемі

1

Шөп дайындау

1 га жерге 185 теңге

2

Аңшылық шарушылығының мұктажына

1 га жерге 185 теңге

3

Мәдени - сауықтандыру, рекреациалық, туристік және спорт мұқтажына

1 га орман жеріне
185 теңге

      Ескерту: 2007 жылғы жоспарлы қаржыландыру 10.3.254.005.000 "Орманды молайту, өндіру, қорғау және сақтау" бюджеттік бағдарламасына сәйкес барлығы 148876 мың теңге + жоспарлы мекеменің жеке қаржысы 29790 мың теңге = 178666 мың теңге: орман қорының барлық жер көлемі 193,3 мың.га бөлгенде = 925 теңге құрайды. Осы соманың 20 пайызы - 185 теңге.

Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 4 сәуірдегі
N 342 шешіміне
3 қосымша

Ақтөбе облысының жергілікті мәні бар ерекше
қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланғаны үшін
мөлшерлеме төлемдері

N

Заңды және жеке тұлғалардың жергілікті жерде ерекше
қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланудың түрлері

Өлшем
бірлігі

Есеп айырысатын айлық
көрсеткіштің мөлшерлеме
төлемі

1

Ғылым мақсатына (ғылыми зерттеу жүргізуге)

Адам-күні

0,1

2

Мәдени - ағарту және оқу
мақсатына:

1) өлі табиғаттың нысандарын,
өсімдік және жануарлар, тарихи
мәдени мұра нысандарын көрсету;

2) оқулык экскурсия және
оқушылар, студенттермен
өндірістік сабақ жүргізу;

3) ғылыми мамандарды даярлау,
қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласында мамандарды қайта даярлау және біліктілігін
көтеру

Адам-күні

Адам-күні

Адам-күні




0,1


0,1



0,1

3

Туристік және рекреациалық
мақсатта

Адам-күні

0,1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады