Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 27 желтоқсанда N 3-8-47 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 151 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 01.06.2018 № 151 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010.04.23 № 166 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 120 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-ІІІ ҚРЗ "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына және 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ ҚРЗ "Білім беру туралы" Заңының 53 бабының 2 тармағының 2 тармақшысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы ақшалай өтем ақы ретінде 3000 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 120 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (А.Жұмабаева) аудандық бюджетте қажетті қаражаттар қарастырсын.

      3) Осы шешім алғашқы рет аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
И.Жұмабаев
      Аудандық мәслихат
хатшысы
А.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады