Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 151 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 маусымда № 3-8-183 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 184 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 22.11.2018 № 184 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
С. Үсенов
      Мәртөк аудандық
мәслихатының хатшысы
Ә. Әлмұхамбетов

  2018 жылғы 1 маусымдағы
№ 151 Мәртөк аудандық мәслихатының шешіміне қосымша

Мәртөк аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 18 "Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-47, 2008 жылғы 23 қаңтарда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған).

      2. Мәртөк аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 шілдедегі № 55 "Аудандық мәслихаттың 2007 жылы 13 желтоқсандағы сессиясының "Аудандық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек беру тыралы" № 18 шешіміне толықтырулар енгізу туралы (тіркеу № 3-8-47 2007 ж. 27.12.)" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-58, 2008 жылғы 20 тамызда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған).

      3. Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 166 "Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-115, 2010 жылғы 3 маусымда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған).

      4. Мәртөк аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 120 "Мәртөк аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 18 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3899, 2014 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады