2007 жылы Алматы облысындағы ауылдық жерде және қала типіндегі кенттерде мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарында жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық кызметтерге және отынға жұмсалған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 7 маусымдағы N 39-302 шешімі. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 19 шілдеде N 1990 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен

       Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен.

           Қазақстан Республикасы "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Заңының 51-бабының 3-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2007 жылы Алматы облысындағы ауылдық жерде және қала типіндегі кенттерде мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарында жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға жұмсалған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек 5 есептеу көрсеткіш мөлшерінде көрсетілсін;

      2. Облыстық халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына әлеуметтік көмекті төлеуді қамтамасыз ету ұсынылсын;

      3. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат             Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы          хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады