Жамбыл ауданы бойынша суармалы жерлерден ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында берілетін жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 6-29 шешімі және Жамбыл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1193 бірлескен қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 18 қаңтарында N 2-7-52 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 31-135 және Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 718 бірлескен қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 31-135 және Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 718 бірлескен қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
            
      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 50 бабының 5 тармағына сәйкес Жамбыл ауданы бойынша суармалы жерлерден ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында берілетін жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      
      1. Жамбыл ауданы бойынша суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін жер учаскелерінің ең аз мөлшері 0,5 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау бюджет, экономикалық реформалар, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлік пен жекешелендіру, экономика, нарықтық құрылымдарды жетілдіру мен дамыту жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Әбілев Ақылдос Абайұлына және аудан әкімінің орынбасары Қазиев Бейсенбек Бахтыбекұлына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 


      Сессия төрағасы                            Досмұхамбет Б. Б.

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Әлиев Б. Б.    

      Аудан әкімі                                Тұрлашов Л. М.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады