Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 1 сессиясының 2007 жылғы 04 қыркүйектегі N 27 шешімі. Қарағанды облысы Cаран қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 02 қазанда N 8-7-49 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 16 сессиясының 2009 жылғы 23 шілдедегі N 282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 16 сессиясының 2009.07.23 N 282 шешімімен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" (2007 жылғы 10 ақпандағы N 6 "Ваша газета" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінің тіркеу нөмірі 8–7-36) Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының N 517 шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
      "Жалпы ережелер" 1 бөліміндегі 2 тармақшадағы "Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20 % мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" деген сөйлем "2007 жылғы 1 қазаннан тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" сөйлемімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң қолданысқа енеді.
      3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң, қалалық "Ваша газета" газетінде ресми жарияланған күннен кейін, он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Қ. Сатова

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады