Байланыс формасы

Маңғыстау ауданының Отпан ауылдық округін құру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 8 қазандағы N 2/16 шешімі, Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 327-1 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 31 қазанда N 1982 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша: «селолық» деген сөз «ауылдық» сөзбен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/390 бірлескен қаулысымен және шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Маңғыстау аудандық мәслихаты мен Маңғыстау ауданы әкімдігінің Маңғыстау ауданының Отпан ауылдық округін құру туралы ұсынысын қарай келіп, " Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы " Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
       1. Маңғыстау ауданының Жыңғылды селолық округінен Тұщыбек, 15-Бекет елді мекендері шекарасында бөлініп, орталығы Тұщыбек елді мекені болатын Отпан ауылдық округі құрылсын.

      2. Осы шешім мен қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                     Облыс әкімі

      М. Молдағұлов                     Қ. Көшербаев

      Облыстық  мәслихат 
      хатшысы                             Б. Шелпеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады