2005 жылғы 23 қыркүйектегі N№227 "Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 43 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 10 қаңтарда N 3586 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2012.07.19 № 61 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 227 "Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы" (Мемлекеттік тізілімдегі тіркеу нөмірі 2005 жылғы 11 қазандағы 3510, 2005 жылдың 18 қазандағы "Қостанай таңы" № 123, 2005 жылдың 18 қазандағы "Костанайские новости" № 144) газеттерінде жарияланған шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "интернационалист - жауынгерлерге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары жасаған концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне";

      3-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік көмек теміржол тарифы бойынша купелендірілген вагонның жол жүру құнының 100 пайыз мөлшерінде (дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындыларын жазуға арналған журналдың үзіндісінде ұсынымдар бар болса (035/у нысаны) - арнайы вагон, "турист", "бизнес" класты вагондар), әуе (дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындыларын жазуға арналған журналдың үзіндісінде ұсынымдар бар болса (35/у нысаны) не болмаса жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша көрсетілген көлік құралдары біреуімен жөнелту стансасынан профилактикалық мекеме тұрған стансаға дейін, не болмаса жол жүру құжаттарының негізінде жолаушылар автобусымен (баруы мен келуі), сонымен қатар теміржол көлігінде төсек бұйымдарын пайдаланғаны үшін көрсетіледі".

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "Әлеуметтік көмек, егер арызданушы емделуден келген күнінен кейін алты айдан кешіктірмей өтінсе, төленеді. Келу күні арызданушы тұратын елді мекен пунктіне дейінгі, не болмаса теміржол, әуе, жолаушылар көлігінің келу стансасына дейінгі жол жүру құжаттарының негізінде анықталады (таксиден басқа)".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті, екінші сессия төрағасы

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады