Павлодар облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі "Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" N 110/3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2007 жылғы 7 ақпандағы N 36/2 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 28 ақпанда N 3082 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі N 245/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 245/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес облыс    әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 4 сәуiрдегi "Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi әлеуметтiк қолдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы" N 110/3  қаулысына мынадай өзгерiстер   мен толықтырулар   енгiзiлсiн:
      осы қаулымен бекiтiлген Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделу жөнiндегi жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер беру тәртiбi туралы нұсқаулығында:
      4-тармағының 2-тармақшасындағы:
      "89675" және "44310" деген сандар тиiсiнше "95056" және "46969" деген сандармен  ауыстырылсын;
      "кейiннен тұтыну бағалар индексiн пайдаланумен" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармағының:
      2-тармақшасы "азаматтарды тiркеу кiтабы (көшiрме)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақшасы "азаматтарды тiркеу кiтабы (көшiрме), Бiрыңғай ұлттық тестiлеу сертификатының көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын; 
      осы қаулымен бекiтiлген Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы нұсқаулығының:
      14-тармағының 6-тармақшасында "тоқсан сайын" деген сөздер алынып тасталсын.

       Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады