Мемлекеттік тұрғын үй қорының өздері тұратын тұрғын үй-жайларын меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың қосымша санаттары туралы.

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы N 30/2 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 23 қарашада N 96 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдідегі N 164/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдідегі N 164/8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 24 қаңтардағы N 66 қаулысымен бекітілген, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережесінің" 6 тармағына сәйкес қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын меншікке өтеусіз алу құқығы берілсін:
      1) қала жатақханаларында тұрақты тұратын және әлеуметтік қорғалатын тұрғындар санатына жататын азаматтарға;
      2) 2001 жылдың 1 қаңтарына дейін іске қосуға енгізілген, мемлекеттік тұрғын үй қорының пәтерлерінде тұрақты тұратын мына санаттарға жататын азаматтарға:
      құқыққа қарсы әрекеттер нәтижесінде мүгедек болған адамдардан басқа, үшінші топтағы мүгедектерге;
      некеге тұрмаған, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, көп балалы отбасыларына;
      некеге тұрмаған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасыларына;  зейнеткерлерге;
      заңнамада белгіленген тіршілік минимумынан төмен (өтініш беру кезінде) соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне жиынтық айлық кірісі бар аз қамтамасыз етілген азаматтарға жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша;<*>
      Ескерту: 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 121/5 шешімімен.
      белгіленген тәртіпте есепте тұрған жұмыссыз азаматтарға ;
      <*>
      Ескерту: 7 абзац жойылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 121/5 шешімімен.
      мүгедек балаларды қамқорлығына алған адамдарға;
      мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде немесе жазатайым оқиға нәтижесінде өндірісте қаза болған отбасыларына;
      Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, бұрын "Ардақты ана" атағы берілген аналарға, Даңқ орденімен, Еңбек даңқы орденімен, үш дәрежелі "КСРО қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін" орденімен марапатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларына ие болған азаматтарға;
      КСРО,ТМД және Қазақстан Республикасы елдерін қорғау жөніндегі жауынгерлік операцияларға қатысқан интернационал-жауынгерлерге, әскери қызметкерлерге;
      2. Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы "Қаланың жатақханаларында өздері тұратын тұрғын үй-жайларын меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың қосымша санаттары туралы" N 47/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2004 жылғы 11 маусымдағы МТН 2574).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына  жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Веретнов

      Қалалық маслихаттың хатшысы В. Лебедь

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады