Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы

Жаңа

ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІ сессиясының 2007 жылғы 20 шілдедегі N 382 шешімі және Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 5/822 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 9 тамызда N 753 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер  кодексінің 50 бабына сәйкес ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты мен Алматы қаласы әкімдігі  ШЕШІМ ЕТТІ :

      1. Алматы қаласының аумағында мемлекет меншігіндегі жерлердің берілуі кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері белгіленсін:
      жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,10 гектар;
      бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін - 0,12 гектар.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О. Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Я. И. Заяцқа жүктелсін.

      3. Осы бірлесіп қабылдаған шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданылады.

      ІІІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХХІ сессиясының
      төрағасы                         Б. Шин
 
             Алматы қаласының әкімі           И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады