Индер ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 23 қаңтардағы N 18 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 369-ІІІ шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 ақпанда N 2483 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 11-бабы 4-тармағына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссияның 2006 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы, Индер аудандық әкімияты мен аудандық мәслихатының 2006 жылғы 30 мамырдағы № 171-ІІІ "Индер ауданының кейбір елді мекендерінің атауы өзгертілуі, қайта аталуы туралы" қаулысы мен шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Индер ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
      1) Кулагино ауылдық округі - Есбол ауылдық округі;
      2) Кулагино ауылдық округінің Кулагино ауылы - Есбол ауылы;
      3) Горы ауылдық округі - Елтай ауылдық округі;
      4) Кулагино ауылдық округінің Гребенщик ауылы - Ынтымақ ауылы;
      5) Көктоғай ауылдық округінің Зеленое ауылы - Көктоғай ауылы болып қайта аталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 10.10.2014 № 315 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі қазіргі әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік деректеріне өзгерістер енгізсін.
      3. Осы қаулы мен шешім Атырау облысы бойынша әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      ХХІІІ сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады