Байланыс формасы

Атырау облысы әкімияты мен Атырау облыстық мәслихатының кейбір қаулылары мен шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 қазандағы № 325-V бірлескен қаулысы мен шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 қарашада № 3037 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 62737-баптарына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс XXVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешім мен қаулының қосымшасына сәйкес кейбір Атырау облыстық мәслихатының шешімдері мен Атырау облысы әкімиятының қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т.Б. Мұхатановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Облыс әкімі
      Мәслихат хатшысы

М.Артығалиев
Б.Ізмұхамбетов
С.Лұқпанов


Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 315 қаулысына және
Атырау облыстық мәслихатының
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 325-V шешіміне қосымша

Атырау облысы әкімияты мен Атырау облыстық мәслихатының кейбір қаулылары мен шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Атырау облысы әкімиятының 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 231 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 341-ІІІ «Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2475 тіркелген, 2007 жылғы 23 қаңтардағы «Атырау» газетінде жарияланған):
      орыс тіліндегі мәтінде 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларындағы «аул» деген сөз «село» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2. Атырау облысы әкімиятының 2006 жылғы 12 қазандағы № 245 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 343-ІІІ «Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2476 тіркелген, 2007 жылғы 25 қаңтардағы «Атырау» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1 және 2-тармақтарындағы «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3. Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 18 және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 369-ІІІ «Индер ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2483 тіркелген, 2007 жылғы 13 наурызындағы «Атырау» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтағы «селолық», «селосы» деген сөздер сәйкесінше «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;     
      4. Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 4 сәуірдегі №93 және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 389-ІІІ «Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2488 тіркелген, 2007 жылғы 12 маусымдағы «Атырау» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1 және 2-тармақтардағы «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5. Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 100 және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 390-ІІІ «Құрманғазы және Махамбет аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2489 тіркелген, 2007 жылғы 12 маусымдағы «Атырау» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтағы «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      6. Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 7 мамырдағы № 131 және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 18 мамырдағы № 439-ІІІ «Атырау қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгеріс енгізу туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2494 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдедегі «Атырау» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтағы «селосы», «селолық» деген сөздер «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7. Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 27 маусымдағы №161 және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 4 шілдедегі № 451-ІІІ «Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2497 тіркелген, 2007 жылғы 4 тамыздағы «Атырау» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтағы «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      8. Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 274 және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 40-ІV «Құрманғазы ауданы Бірлік селолық округінің Утера селосын қайта атау туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2508 тіркелген, 2008 жылғы 7 ақпандағы «Атырау» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде атауындағы және 1-тармақтағы «селолық», «селосы» деген сөздер сәйкесінше «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 4 ақпандағы № 35 және Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы № 70-ІV «Исатай ауданы Тұщықұдық селолық округінің Чапаев селосын Тұщықұдық селосы деп қайта атау туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2522 тіркелген, 2008 жылғы 22 наурыздағы «Атырау» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде атауындағы және 1-тармақтағы «селолық», «селосы» деген сөздер сәйкесінше «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 84 және Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 97-ІV «Исатай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2527 тіркелген, 2008 жылғы 3 мамырдағы «Атырау» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтағы «селолық», «селосы» деген сөздер сәйкесінше «ауылдық», «ауылы» деген сөздерге ауыстырылсын;
      11. Атырау облысы әкімиятының 2010 жылғы 9 маусымдағы № 139 және Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 340-ІV «Құрманғазы ауданы Дыңғызыл селолық округінің Қызылоба ауылын Ғизат Әліпов ауылы деп қайта атау туралы» қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2568 тіркелген, 2010 жылғы 29 шілдедегі «Атырау» газетінде жарияланған):
      1-тармақта:
      мемлекеттік тілдегі мәтінде «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен;
      орыс тіліндегі мәтінде «аул» деген сөз «село» деген сөзбен ауыстырылсын.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады