Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға төленетін төлемнің ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 29/331-III шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 2 ақпанда N 1949 тіркелді. Қолдану мерзімі өтіп кеткен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 08-1 хатымен

      Ескерту. Қолдану мерзімі өтіп кеткен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 08-1 хатымен
__________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"  Кодексіне , 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", 1997 жылғы 15 шілдедегі " Қоршаған ортаны қорғау туралы " Заңдарына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШТІ:

      1.Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2007 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

2007 жылғы 30 қаңтардағы   
N 29/331-III Оңтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша        

  Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін
төлемнің 2007 жылға арналған ставкалары

      1. Тұрақты көздерден атмосфераға ластауыш заттардың шығарындыларының бір шартты тоннасы үшін - 1284 теңге.
      Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары үшін - 0,5 коэффиценті қолданылсын.
      Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының Халықаралық стандарттарға көшуін ынталандыру мақсатында қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйелерінің ИСО 14001 стандарттарына сәйкестігіне сертификатталған жылу электрстанциялары мен қазандықтар үшін бірыңғай базалық ставкаларға мынадай коэффициенттер енгізілсін:
      -күл мен күл шлактарын орналастыруға - 0,25;
      -тұрақты көздерден ластауыш заттардың шығарындыларына - 0,12.
Өндірістік өнім шығаруды ынталандыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, шығарылған өнімдер мен тауарлардың қоршаған ортаға кері әсерін тигізуді төмендететін іс-шараларды орындаған өнеркәсіптерге:ластаушы заттардың шығарындыларын, төгінділерін және қалдықтарын орналастырғаны үшін төлем ставкаларын 0,25 коэффициенті енгізілсін.
      2.Жылжымалы көздерден атмосфераға ластауыш заттардың шығарындылары:
      -бензин үшін - 893 теңге/тонна
      -дизель отыны үшін - 893 теңге/тонна
      -сұйытылған газ үшін - 801 теңге/тонна
      3.Қоршаған ортаға ластаушы заттардың бір шартты тонна төгінділері үшін - 57808 теңге.
      Халыққа қызметтер көрсететін коммуналдық кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға ластаушы заттардың бір шартты тонна төгінділері бойынша Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігімен 2007 жылға бекітілген базалық ставка деңгейінде - 8036 теңге қолданылсын.
      4.Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру:

Қалдықтардың улылық класы

Төлем ставкалары, теңге/тонна

V

1198

IV

2396

III

4792

II

19168

I

38336

      Металлургиялық және мұнай-химия өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін өндіріс қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыруы бойынша Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігімен 2007 жылға бекітілген базалық ставка деңгейінде қолданылсын.
      5.Бюджеттік ұйымдар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, кіші мен орта бизнес субъектілері және жеке кәсіпкерлер қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастырғаны үшін 4,437 төмендету коэффициентін қолданады немесе бір тоннаға төлем ставкасы 270 теңгені құрайды.
      6.Тау өңдеу өндірісінің көп тонналы байыту қалдықтарын, тау өндіру өндірісінің жыныстарын сыйдыратын қопару жыныстарын
орналастыру үшін - 50 теңге/тонна.
      7.Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастырғаны үшін (теңге/ГБк):

Трансурандық қалдықтар

ГБк

3194,7

Альфа - радиоактивті қалдықтар

ГБк

1597,3

Бета - радиоактивті қалдықтар

ГБк

159,73

Ампулдық (жабық) радиоактивті көздер

ГБк

1597,3

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады