"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 40 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 32 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 22 ақпанда N 1950 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 18.11.2015 № 354 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы   N 1092 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы  N 1294 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы  N 40 қаулысына (1926-нөмірмен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2006 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) өтініш берушілерге он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған белгіленген үлгідегі өтініш пен басқа да құжаттар бланкілерінің тегін берілуін қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Облысы әкімі                        Ө.Шөкеев

      Облыс әкімінің
      бірінші орынбасары                  И.Әбішев

      Облысы әкімнің орынбасары           Т.Дүйсенова 

      Облысы әкімнің орынбасары           А.Жетпісбаев 

      Облысы әкімнің орынбасары           А.Мамытбеков

      Облысы әкімнің орынбасары           Д.Мыңбай

      Облысы әкімі аппаратының            Б.Жылқышиев
      басшасы      

      Облыстық экономика және бюджеттік   Ж.Аманбаев
      жоспарлау департаментінің директоры 

      Облыстық қаржы                      Ы.Шалабаев
      департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады