Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 4/20 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 1 ақпанда N 14-5-55 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 маусымдағы N 20/118 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009.06.30 N 20/118 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 және 4 тармақтарына және аудан әкімдігінің 2007 жылғы N 45 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын жайды беру мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы туралы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейінгі күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Сессия төрағасы:                           О. Мыңғышов

      Мәслихат хатшысы:                          Т. Дүйсенбеков

      Бәйдібек аудандық мәслихатының
      25 желтоқсанда 2007 жылғы N 4/20
      шешімімен бекітілген қосымша

       Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру ҚАҒИДАСЫ.

      Осы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұрғын үй көмегі - халықты. әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуінің сомасын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшін бюджетте бөлінген қаражат шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі;
      2) отбасының жиынтық табысы- тұрғын үй көмегін тағайындау кезіндегі тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының ақшалай да,заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы. Отбасының жиынтық табысын есептеу көзінде. Қаэақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілген көмектер (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы)қайтыс болғанда жерлеуге, бала туғанда берілетін біржолғы төлемдер, төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасыға көрсетілген көмектерді және жер үлесінен жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты қоспағанда, есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері есепке алынады;
      3) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды және коммуналдық қызметтерге тұрғын үй көмегін есептеу үшін қолданылады;
      4) уәкілетті орган-тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асырушы ауданның органы;
      5) уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктік немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;
      6) өтініш беруші - тұрғын үй көмегін тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беруші адам.
      Ескерту. 1-тарауға өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009.02.17 N 16/93 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      1. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалдаушы, жалға алушы) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (жеке тұлғаларға) беріледі.
      2. Егер, тұрғын үй көмегі әлеуметтік норма және норматив бойынша есептелінген тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге, телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына ақы төлеуге қажетті қаржы мен отбасының 20 пайызы арасындағы айырма сомасында тағайындалады.
      3. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі(пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші (қосымша жалға беруші), сондай-ақ жалдауға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      Бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, армияда қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген кезеңгө тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      4. Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына және төленуіне апарып соқтырған дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда отбасы алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      5. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      6. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерін тұтынуға жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндік беріледі.
      Ескерту. 2-тарауға өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009.02.17 N 16/93 алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегіне өтініш беру тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттармен өтініш жасайды:
      1) осы Қағидадағы 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй меншік иесі (жалға алушының) өтініші;
      2) отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (жаңа үлгідегі азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, не мекен-жай бюросының анықтамасы.не ауылдық округ әкімінің отбасы құрамы туралы анықтамасы);
      3) табысы туралы анықтамалар;
      3-1) азаматтардың өзін -өзі жұмыспен қамтудан түскен табысын көрсетіп жазған жазбаша өтініші;
      Ескерту. 7 тармақ 3-1 тармақшасымен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009.02.17 N 16/93 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Шешімімен.
      4) тұрғын үйдің құжаттары (төлқұжаты, жекешелендіру, сатып алу-сату, сыйға тарту, мұраға қалдыру,жалға алу туралы шарт және т.б.);
      5) қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері екендігін растайтын құжат;
      6) отбасында еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтылғанын растайтын анықтамалар;
      7) балалардың туу туралы, неке қию туралы, немесе оның бұзылғандығы туралы, N 4 үлгі, әкелігін анықтайтын куәліктері;
      8) өтініш берушінің жеке куәлігі, ӘЖК, СТК;
кондоминиум объектісінің қатысушылары үшін;
      9) кондоминиум объектісінің қатысушысы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі;
      10) сараптамадан өтіп, мөрмен куәландырылған көппәтерлі үйдің әрбір күрделі жөндеу жұмыстарының түріне есептік-сметалық құжат;
      11) төленген төлемі көрсетілген, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге өтініш берушінің жұмсаған шығындарын өтеу қажеттігі туралы кондоминиум төрағасынан анықтама- қолдаухат;
      12) кондоминиум қатысушысының үлес мөлшері көрсетілген, заңнамаларға сәйкес тіркеуден еткен кондоминиумның техникалық паспорты;
      13) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар аяқталғаннан кейін қабылдау-тапсыру актісі.
      8. Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
      9. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      10. Үәкілетті орган көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырып тексереді, оларды тіркейді және өтініштің бекітілген нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтініш берушіге береді.

4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифі артуының сомасын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарды өтеу үшін бюджетте бөлінген қаржы шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі.
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығын өтемақысы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) төлеген жағдайда өтеледі.
      12. Тұрғын үй көмегі осы Қағидадағы 2-қосымшаға сәйкес бекітілген әлеуметтік норма және норматив бойынша есептелінген тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерге, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына және кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына ақы төлеуге қажетті қаржы мен отбасы табысының 20 пайызы арасындағы айырма сомасында тағайындалады.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тұрғын үй көмегін алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Барлық, қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      14. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарына ақы төлеу азаматтарға жалпы негіздерде жүргізіледі.
      15. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күнен бастап он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      16. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн мерзімде уәкілетті органды тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етуге міндетті.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған көзінен бастап немесе келесі тоқсанда жүргізіледі.
      Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда cot тәртібімен қайтарылуға тиіс.

5. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      17. Тұрғын үй көмегін төлеу алушының таңдауы бойынша уәкілетті ұйым арқылы, өзі таңдаған ұйымдағы жеке шотының деректерін көрсете отырып берген өтініші негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      18. Тұрғын үй көмегін төлеу өткен ай үшін ай сайын жүргізіледі.
      19. Тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасын алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуіне қарай жүргізіледі.      

      6. Тұрғын үй көмегін көрсету үшін жауапкершілік

      20. Уәкілетті органдар мен уәкілетті ұйым тиісінше тұрғын үй көмегін тағайындаудың, төлеудің және берудің уақытылығы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады