"Лизингке техника сатып алу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы N А-9/552 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 14 қаңтарда N 3289 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № А-11/433 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.11.05 № А-11/433 қаулысымен

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      
      1. Қоса беріліп отырған «Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.М. Отаровка жүктелсін.
      
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                   А. Рау       

      

       Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 11 желтоқсанда
N а-9/552 қаулысымен
бекітілген

  «Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру»
мемлекеттік қызметін көрсету
стандарты

       

1. Жалпы ережелер

       1. Осы стандарт лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызметтер «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет «Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының ауыл шаруашылығы бөлімдерімен» (бұдан әрі – Бөлімдер) мемлекеттік мекемесі көрсетіледі. Бөлімдердің толық атаулары, қызметті көрсету орны, электрондық мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
      5. Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру болып табылады мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны болып табылады.        6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі.
      7. Уақыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі мерзім шектеулі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттармен өтінішті тапсырған сәттен бастап - 15 күнтізбелік күн ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте күту уақытының ұзақтығы шамамен 40 минут;
      3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең шектеулі уақыты, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде сияқты шамамен 40 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің ақпараттық стендтерінде және веб-сайттарда орналастырылған. Бөлімдердің мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат көзі ретінде облыстық «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерде жарияланады.
      10. Мемлекеттік қызмет 09.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын көрсетіледі, демалыс күндері – сенбі, жексенбі және мереке күндері, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөлімдердің көрсетіледі. Бөлімдердің үй-жайларында күту залдары бар, құжаттарды дайындау орындары қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері берілген стендтермен жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.
 
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

       12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі (жеке тұлға үшін);
      статистикалық карточканың көшірмесі (заңды тұлға үшін).
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш еркін үлгіде толтырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттармен өтінішті өтініш берушінің тұрғылықты орны бойынша Бөлімге тапсырылады. Бөлімдердің мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушімен қажетті құжаттар тапсырылғандығын тіркеу күні мен уақыты, құжаттарды қабылдап алған маманның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон растайды.
      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі - өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөлімге жеке баруы немесе пошталық байланыс арқылы. Бөлімдердің мекен-жайлары осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
      17. Осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің жоғы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болады. 

      

3. Жұмыс қағидаттары

       18. Бөлімдердің қызметі келесі қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық бостандығы мен құқығын сақтау;
      2) заңдылық;
      3) сыпайлық;
      4) толық және түпкілікті ақпарат беру;
      5) ақпараттың қорғалуы және құпиялығы;
      6) өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.      

      

4. Жұмыс нәтижелері

       19. Өтініш берушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету  нәтижелері осы Стандарттың 2 -қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Бөлімдердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

             

5. Шағымдану тәртібі

       21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі бойынша түсініктемені және шағым дайындауға жәрдемді Бөлімдердің бастықтарынан немесе олардың орынбасарларынан алуға болады. Электрондық поштаның мекен-жайлары, телефон нөмірлері осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
      22. Шағымдар байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Бөлімдерге, “Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы” мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Басқарма) беріледі. Мемлекеттік органдардың атаулары, электрондық поштаның мекен-жайлары, атына шағым берілетін лауазымды тұлғалар осы Стандарттың 24-тарауында көрсетілген.
      23. Өтініш берушіге берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны және оның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайды.
      
   

6. Байланыс ақпараты

       24. Бөлімдер мен Басқарма бастықтарының және олардың орынбасарларының, жоғары тұрған ұйымдардың байланыс деректері:
      1) веб-сайт, электрондық поштаның мекен-жайы, заңды мекен-жайы, телефон, Бөлім бастықтарымен және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
      2) «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, 303 кабинет, веб-сайт www.akmo.kz, электрондық пошта адресі akm_shu_disp@mail.kz, телефон 8(7162) 25-83-34.
      Қабылдау кестесі:
      Басқарма бастығы - жұма  14.00-ден 16.00-ге дейін;
      Басқарма бастығының орынбасары – бейсенбі 15.00-ден 18.00-ге дейін;
      Басқарма бастығының орынбасары – сәрсенбі 15.00-ден 18.00-ге дейін.
      3) Ақмола облысының әкімдігі, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, веб-сайт www.akmo.kz.
      25. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу мәселесі бойынша қосымша ақпаратты «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ала алады.  

      

       «Лизингке техниканы сатып алу
үшін анықтама беру»   
мемлекеттік қызметін көрсету
стандартын бекіту туралы
1-қосымша       

Ақмола облысының аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімдерінің байланыс деректері

Р/с №
 

Аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімдерінің атаулары

Заңды мекенжайы,
қабылдау уақыты  Бөлімдердің
бастықтары мен олардың
орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжай
веб-сайт

1

«Ақкөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақкөл ауданы,
Ақкөл қаласы, Нұрмагамбетов көшесі, 83.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 10.00-ден 12.00–ге дейін

8-(71638)-2-08-30

Cr.akkol@mail.ru
 
 

2

«Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауданы,
Аршалы селосы,  Ташенов көшесі,47. Азаматтарды қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 9.00–ден 13.00-ге дейін

8 (71644)
2-18-05
2-16-42

Arshaly_rshu@mail.ru

3

«Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауданы, Астраханка селосы, Аль-Фараби көшесі,50. Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын  сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71641)
2-33-02
2-22-83

Astrahan_rsho@mail.kz

4

«Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атбасар ауданы,
Атбасар қаласы,
Уәлиханов көшесі, 9.
Азаматтарды қабылдау кестесі:
бейсембі, жұма
сағат 9.00–ден 11.00 -ге дейін

8-(71643)4-39-14
4-26-80

Atbasar_osh@mail.kz

5

«Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Буланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі,19. Азаматтарды қабылдау кестесі:
әр айдың бірінші сәрсенбі күні сағат 10.00 –ден 12.00-ге дейін

8 (716-46)
2-25-84
2-25-34

Bulandy_2007@mail.kz

6

«Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауданы,  Егіндікөл селосы,  Победы көшесі,9. Азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі, жұма сағат 15.00 –ден 18.00 -ге дейін

8 (71642)
2-13-50
2-15-27

Egn_rsh@mail.kz

7

«Ерейментау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ерейментау ауданы,  Ерейментау,  қаласы,  Аль-Фараби көшесі,23. Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

8 (71633)
2-17-71
2-31-75

ermentausho@mail.ru

8

«Еңбекшілдер ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
 


Енбекшілдер ауданы,  Степняк қаласы, Сыздыков көшесі, 2а Азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі,
сағат  14.00 –ден 15.00 -ге дейін

8 (71639)
2-13-01
2-19-71

enbekrshu@rambler.ru

9

«Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы,  Есіл қаласы, Кунаев көшесі,13. Азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі,
сағат 10.00 –ден 18.00 -ге дейін, бейсембі 14.00-ден 18.00 -ге дейін 

8 (71647)
2-13-96
2-19-54

esilcx@mail.ru

10

«Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
 

Жаксы ауданы, Жаксы селосы, Ленин көшесі,32. Азаматтарды қабылдау кестесі: бейсембі, сағат 16.00 –ден 18.00 -ге дейін

8 (71635)
2-10-71

Jaks_cxo@mail.ru

11

«Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жарқаин ауданы,
Державинск қаласы. Мир көшесі, 78. Азаматтарды қабылдау кестесі:
сейсембі, бейсембі,
сағат 16.00 –ден 18.00 -ге дейін

8(716-48)9-14-59;
9-19-48

Jarkain_rsxo@mail.ru

12

«Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауданы, Зеренді селосы,  Мир  көшесі,67
Азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі,
сағат  11.00 –ден 13.00 -ге дейін

8 (71632)
2-13-63
2-24-34

Zerenda2006@mail.ru

13

«Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Корғалжын ауданы, Қорғалжын селосы, Болғанбаев көшесі,9
Азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сағат 14.00 –ден 17.00 -ге дейін

8 (71637)
2-14-63
2-15-36

SH@mail.kz

14

«Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сандыктау ауданы, Балкашино селосы, Ленин көшесі,117. Азаматтарды қабылдау кестесі:
жұма, сағат  10.00 –ден 13.00 -ге дейін

8 (71640)
9-17-45
9-15-06

Svetlana_-ob12@mail.ru

Selhoz_sand@mail.ru

15

«Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Целиноград қаласы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі,14. Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, жұма сағат 10.00 –ден 13.00 -ге дейін

8 (71651)
30-00-20
30-08-37

Armanio84@bk.ru

16

«Шортанды ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауданы,  Шортанды кенті, Лермонтов көшесі,13.
Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8 (71631)
2-15-82
2-14-04

Shortan_rsho@mail.kz

17

«Щучье ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
 

Щучье ауданы, Щучинск қаласы, Набережная көшесі, 84.
Азаматтарды қабылдау кестесі: жұма сағат 15.00 –ден 17.00 -ге дейін

8 (71636)
4-24-72
4-36-32

Akm_shu_rshu@mail.kz

18

«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степногорск қаласы,
4-ықшам ауданы.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі,
сағат 14.00 –ден 17.00 -ге дейін

8 (71645)
61-9-08

Selhozotdel_step@mail.ru

19

«Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 142.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі, сағат  10.00 –ден 13.00 -ге дейін

8 (7162)
76-27-58

Kokshe_selhoz@mail.kz

      

       «Лизингке техниканы сатып алу
үшін анықтама беру»   
мемлекеттік  қызмет көрсетудің
стандартына 2-қосымша  

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
мақсатты мәні

Көрсет-
кіштің
есеп беру
жылындағы
ағымдағы
мәні

1. Мерзімділігі

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100

94,6

89,8

1.2. қызмет алуды кезекте 40 кезекте минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

95

85,8

81,4

2. Сапа

2.1.қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

92,5

88,5

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

92,9

89,7

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

89,7

85,6

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

85

80,4

75,9

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50

34,9

26,1

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушы-лардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0.1

0.1

0,2

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негіз-делген шағымдардың % (үлесі)



100



93,7

87

4.3.шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)



90



78,4

71

4.4.шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)



90



82,3

76,5

5. Сыпайылық

5.1.қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

96,2

92,3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады