Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 4С-5-16 "Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 13 желтоқсандағы N 4С-11-11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 19 қаңтарда N 3298 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 4С-25-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2010.06.18 № 4С-25-1 шешімімен

      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына , 2003 жылғы 4 шілдедегі «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

       1. Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 4С-5-16 «Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 3246 тіркелген, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылдың 19 сәуірінде, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылдың 24 сәуірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Ережесінде:
      1) 1 тараудың 1 тармақшасында:
      «Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті» сөздері «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» сөздеріне ауыстырылсын;
      2) 2 тараудың 2 тармағының 1 тармақшасында «талдау» сөзі «мониторинг» сөзіне ауыстырылсын;
      3) 2 тараудың 2 тармағының 2 тармақшасы алынып тасталсын;
      4) 3 тараудың 3 тармағындағы «ақыға тең» сөздері «ақыдан кем емес» сөздеріне ауыстырылсын.
      5) 3 тараудың 4 тармағындағы «жұмыс берушінің атына» сөздері «өкілетті орган бастығының атына» сөздерімен ауыстырылсын;
      6) 3 тараудың 4 тармағындағы «есеп айырысу шотының нөмірі» сөздері «карточкалық және дербес шоттар нөмірі» сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде  мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                           Б. Оспанов

      Ақмола облыстық
      мәслихатыхатшысының м.а.                       Г. Марченкова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақмола облысыденсаулық сақтау
      басқармасының бастығы                          В. Маджуга 

      Ақмола облысы
      қаржы басқармасының бастығы                    Т. Бөлтенов

      Ақмола облысы экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы                          М. Тақамбаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады