Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N C-6/13 "Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N C-14/14 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 3 қазанда N 1-1-89 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011.04.07 № С-45/6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы негізінде, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы   N С-6/13 "Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға)   тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін бекіту туралы" (Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2007 жылдың 24 желтоқсанында N 1-1-70 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтарда "Көкшетау" N 3 газетінде және 2008 жылғы 17 қаңтарда "Степной Маяк" N 3 газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N С-6/13 шешімімен бекітілген Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға)   тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесіне:

      1 тараудың 9 тармағында: 
      "электрмен жабдықтау" сөзі алынып тасталсын;
      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Электрлік қуаттың шығын нормасы айына бір адамға 150 (бір жүз елу) киловатт белгіленсін";

      2 тараудың 16 тармағының 7) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      "7) өткен тоқсан үшін тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну қызметтеріне ақы төленгендігі туралы, жұмыссыз ретінде есепте тұрғандығы туралы мәлімет, тұрғылықты емес газ плиталы үйлер үшін  газ балондарын сатып алғандығы туралы анықтама. Байланыс қызметтері үшін (телефон үшін) жоғарылаған абоненттік төлем тарифтерінің өтемақысы үшін абонент қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті болып табылу фактісін растайтын (шарт не түбіртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжатты қоса береді";

      2 тараудың 21 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "21. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындау үшін әдейі жалған берілген мәліметтер бойынша заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал ол бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады;

      4 тараудың 24 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      24. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, жергілікті бюджеттен берілген біржолғы төлемдер, қайтыс болған адамды жерлеуге және бала тууына байланысты берілетін біржолғы төлемдерден басқа, тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы алынған нақтылы табыстың барлық түрлері есептеледі:

      1) еңбекақы түріндегі табыстар (еңбек ақының барлық түрлері, соның ішінде: сыйақы, қосымша ақы, ақшалай және заттай түрдегі әлеуметтік жеңілдіктер мен қосымша ақылар, сондай-ақ негізгі және қосалқы жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жұмыс істеген уақытқа қызметкерлерге төленген ақша сомасы енгізіледі);

      2) зейнетақының барлық түрлері; шәкіртақылар; мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер; мемлекеттік әлеуметтік төлемдер; заң және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдерімен тағайындалған жәрдемақылық төлемдер;

      3) балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға төленетін алименттер;

      4) жарақат алу немесе денсаулыққа басқа да зардаптар алғанда шығынның орнын толтыру тәртібінде алынған біржолғы сомалар;

      5) жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыстар;

      6) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыстар;

      7) азаматтардың өз еріктерімен айтқан басқа да табыстары; 

      5 тараудың 28 тармағында "әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес" сөздерінен кейін", бірақ бір отбасыға жылына 5 (бес) тонна көмірден артық болмасын" деген сөздермен толықтырылсын; 

      6 тараудың 36 тармағында "телефон үшін өтемақы және тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін  берілетін өтемақы" деген сөздерден кейін, "отынның (көмірдің) құны үшін берілетін өтемақы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.      

      Төртінші шақырылған 
      Көкшетау қалалық мәслихатының 
      14 сессиясының төрағасы               М. Жанұзақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады