Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде тұратын 1992 жылы туылған азаматтарды "Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 24 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск каласының әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қаңтарда № 1-2-101 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 27 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің 2009.12.07 № 27 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери мiндеттiлер мен  әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi жөніндегі ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес және 1992 жылда туылған азаматтардың тіркелуін өткізу мақсатында Степногорск қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мекен-жайы Степногорск қаласы, 1 шағынаудан, 22 үй,  «Степногорск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ғимаратында шақыру учаскесі ұйымдастырылсын (одан әрі – Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі).
      2. 2009 жылдың қаңтар - наурыз айларында Қорғаныс істер
бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туылған азаматтардың тіркелуі жүргізілсін.
      3. Қорғаныс істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) тіркеуге тиісті азаматтарды шақыруды ұйымдастырсын.
      4. «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық   қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері (келісім бойынша) шақыруға дейінгілерді медициналық куәландырудан өткізу үшін комиссияның қарамағына дәрігер – мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін.
      5. «Степногорск өңірлік психиатриялық аурухана» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (келісім бойынша) шақыруға дейінгілерді медициналық куәландырудан өткізу үшін комиссияның қарамағына психиатр – дәрігерді жіберсін.
      6. Қала мен кенттер кәсіпорындарының, мекемелерінің,
ұйымдарының, оқу орындарының басшыларына ұсыныс берілсін:
      1) тіркеуге жататын азаматтарды құлақтандыру, оларды шақыру учаскесіне шақыру туралы және уақытылы  келуін қамтамасыз етілсін;
      2) тіркеуге жататын азаматтарды медициналық тексеру, сондай-ақ амбулаторлық талдау  тапсыру үшін оқу мен жұмыстан босатылсын.
      7. Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінің, Қарабұлақ селолық округінің әкімдері:
      1) тіркеуге тиісті азаматтарға жеке шақыру қағаздары тапсырылып және олардың шақыру комиссиясына қорғаныс істер бөліміне белгіленген күні келуін қамтамасыз етсін;
      2) азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізу үшін алып барушылармен және қажетті көлікпен қамтамасыз етсін, сондай-ақ  азаматтарды жол апаттарынан сақтандыру үшін барлық шаралар қолдансын;
      3) азаматтарды шақыру учаскесіне жіберу алдында, олардың шақыру қағаздарында көрсетілген барлық құжаттардың бар болуын тексерсін.
      8. «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі шақыру өткізуіне байланысты шығындардың қаржыландыруын қалалық бюджеттен қарастырылған қаражаттар есебінен қамтамасыз етсін.
      9. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс кезеңіне шақыру учаскесін техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
      10. Осы шешім Степногорск қаласының әділет бөлімінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күні мен он күнтізбелік күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары  Г.Әәдуақасоваға жүктелсін.

      Степногорск қаласының
      әкімі                                             А.Никишов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Степногорск қаласының
      қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                               Н.Асылбеков

      «Степногорск қалалық
      емханасы» мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорының бас дәрігері                А.Дүйсенов

      Степногорск өңірлік психиатриялық
      аурухана» мемлекеттік мекемесінің
      бас дәрігері                                      Б.Сармұрзинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады