2009 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қаңтарда № 1-14-90 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 39 қаулысымен.

      Ескерту. Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010.02.01 № 39 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармағына, 9 бабының 2 тармағына сәйкес және Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 4 хаттамасы негізінде, жұмыс орнын іздеуде қиыншылық көріп жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамту мақсаттарында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. 2009 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Зеренді ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етсін.

      3. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 2 тармағын басшылыққа алсын және уәкілетті органның делдалдылығымен мүгедектерді жұмыспен қамтуда қолдау көрсету жөнінде ұсыныс етілсін.

      4. Зеренді ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 99 «2008 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде № 1-14-80 тіркелген, аудандық «Бірлік-Единство» газетінде 2008 жылғы 2 сәуірде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

      5. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.

      Әкім                                     Е.Сағдиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Зеренді ауданы «Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемсінің бастығы           З.Б.Қазияқпарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады