2009 жылы қаңтар-наурыз айларында теркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қаңтарда № 1-16-87 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009.08.24 № 12 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының негізінде, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білiм деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды iрiктеу мақсаттарында, Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Ақмола облысы Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – бөлім) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу жүргізсін.
      2. Тіркеу жүргізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына байланысты, шығындар аудан бюджетінен көзделген ақша есебінен іске асырылсын.
      3. Ауыл әкімі және селолық округтердің әкімдері, ұйымдар басшылары:
      1) алынып тасталды
      2) тіркеуден өтуге тиісті азаматтарды дербес шақыру қағазында көрсетілген күні мен дәл уақытында бөлімге міндетті түрде болуы үшін жұмыстан (оқудан) уақытша босатсын, іссапарларынан және демалыстардан шақыртсын.
      3) тіркеуден өтетін азаматтардың бөлімге міндетті түрде келуін қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы  Сандықтау ауданы әкімінің 2009.01.27 № 3 шешімімен;
      4. «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы Сандықтау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысына (келісім бойынша), азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін ұсынсын:
      1) азаматтарға медициналық куәландыру жүргізу үшін білікті дәрігер-мамандардың, сондай-ақ орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін;
      2) комиссияны қажетті жабдықтармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етсін.
      5. «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының Сандықтау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша), шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша азаматтарды қосымша стационарлық тексеруден өткізу үшін керуеттің резерві болуын ұсынсын.
      6. «Ақмола облысының ішкі істер департаментінің Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімінің мемлекеттік мекеменің бастығы» (келісім бойынша):
      1) тіркеу өткізу кезінде шақыру учаскелеріне тіркеуден жалтарушы тұлғаларды іздестірсін және бөлімге жеткізсін;
      2) шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс уақытында шақыру   учаскесінде  қоғамдық тәртіп сақталуын қамтамасыз етсін.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
      8. Сандықтау ауданы әкімінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №15 «1991 жылы туған азаматтарға, сондай-ақ Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде ертеректе есепке тұрмаған жасы үлкен азаматтарға тіркеу жүргізу туралы» (09.01.2008 жылы Мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-16-68 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 28 қаңтарда № 7 «Сандыктауские вести» аудандық газетінде жарияланған) шешімі күшін жойған деп танылсын.
      9. Осы шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі            Ө.Мұсабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      «Ақмола облысының ішкі
      істер департаментінің
      Сандықтау ауданының ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы               Ж. Әбілмәжінов

      «Ақмола облысы Сандықтау
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                     А.Журбин

      «Сандықтау ауданының білім
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                  С.Клюшников

      «Ақмола облысы денсаулық
      сақтау басқармасының
      Сандықтау орталық
      аудандық ауруханасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бас дәрігері                          Т.Полякова

      «Ақмола облысы денсаулық
      сақтау басқармасының
      жанындағы Сандықтау
      емханасы» мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері          А.Уразалинова

      «Сандықтау ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                              Н. Мұрашиди  
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады