Щучье ауданында 1992 жылы туған азаматтарды 2009 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Щучье ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 20 шешімі. Ақмола облысы Щучье ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 31 желтоқсанда N 1-19-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Щучье ауданы әкімінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 10 қаулысымен

      Сноска. Күші жойылды - Ақмола облысы Щучье ауданы әкімінің 2009.04.15 № 10 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. «Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2009 жылдың қаңтар - наурызында 1992 жылы туған, жасы тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.

      2. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық округтердің әкімдері, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 4 тармағын мағлұматқа алсын және «Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркеуге жататын шақыруға дейінгілердің тізімдерін берсін және олардың уақытылы келуін қамтамасыз етсін.

      3. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Нұрпановаға тіркеу аяқталғанға дейінгі кезеңге қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар арасынан сегіз техникалық қызметкер бөлсін.

      4. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына меншік нысанына
қарамастан ұсынылсын:
      шақыруға дейінгілерді тіркеу комиссиясынан өту үшін қажет уақытқа жұмыстан немесе оқудан босату, шақыруға дейінгілерді  іссапарлардан, демалыстан шақыртып алу және оларды хабарландыруды
ұйымдастыру мен «Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне уақыттылы келуін қамтамасыз ету.

      5. «Щучье аудандық ішкі істер бөлімі» ММ-нің бастығына Б.Р.Баймурзинға (келісім бойынша) шақыру учаскесінде тәртіпті және тіркеуден бұлтарған адамдарды іздестіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану ұсынылсын.

      6. «Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі А.Т.Сағымбековқа (келісім бойынша) азаматтарды тіркеу аяқталғаннан кейін өткізілген тіркеудің нәтижесі туралы ақпарат берсін.

      7. Азаматтарды шақыру уаскесіне тіркеу бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар аудандық бюджетте көзделген қаржы бөлу есебінен жүргізіледі.

      8. Осы шешім Щучье ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап
қолданысқа енгізіледі.

      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Т.Қ.Алтаеваға жүктелсін.

      Щучье ауданының әкімі                   В. Балахонцев

      КЕЛІСІЛДІ: 

      «Щучинск қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі»
      ММ-нің бастығы                          А.Т.Сағымбеков
      
      «Щучье аудандық ішкі істер
      бөлімі» ММ-нің бастығы                  Б.Р.Баймурзин
      
      «Щучье ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      ММ-нің бастығы                          Г.А.Тінәлинова 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады