Комсомол ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 50 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 8 шілдеде N 3-2-55 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімінің 15.02.2016 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Комсомол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімінің 15.02.2016 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2017 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      1. Комсомол ауылындағы жаңадан салынған көшелер тұрғындарының пікірін ескере отырып сызба-картаға сәйкес төмендегі мазмұнда көше атаулары берілсін:
      1.1. "Алтын дән"
      1.2. "Ақбұлақ"
      1.3. "Тыңдала"
      1.4. "Достық"
      1.5. "Болашақ"
      1.6. "Ақ дала"
      1.7. "Армандастар"
      1.8. "Сарыарқа"
      1.9. "М.Тынышбаев"
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Комсомол ауылдық округі Әкімі: М.Сатимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады