Жайсаң ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 желтоқсанда № 3-8-65 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауына өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 26.03.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 24.03.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жайсаң ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 19.11.2018 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жайсаң ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне келесідей атаулар берілсін:

      Жанатаң ауылында – Шаруа;

      Хозаул ауылында – Болашақ.

      Ескерту. 1-2 тармақтар 1 тармаққа біріктірілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 26.03.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жайсан ауылдық округінің әкімі: А.А. Ридель

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады