Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі Тепсең-Қарабұлақ ауылына көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 21 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 1 желтоқсанда N 3-9-83 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Еңбек ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 12.12.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Еңбек ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Тепсең-Қарабұлақ ауылының көшесіне Тәуелсіздік атауы берілсін.
      2. Көшеге елді мекендегі барлық үйлер жатқызылсын.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Еңбек ауылдық
      округінің әкімі Ғ. Байланов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады