Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 30 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда № 5187 болып тіркелді

      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 2008 жылғы 20 қарашадағы № 21 мемлекеттік тіліндегі "Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Тепсең - Қарабұлақ ауылына көше атауын беру туралы"(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-83 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда "Мұғалжар" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      кіріспеде ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
      2) 2008 жылғы 20 қарашадағы № 22 мемлекеттік тіліндегі "Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Темір бекеті ауылына көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-84 тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда "Мұғалжар" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      кіріспеде ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Еңбек ауылдық округінің әкімі А.Медеуова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады