Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы көшеге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 3 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 2 желтоқсанда N 3-9-85 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Қаракөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 25.09.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округне қарасты Жаңатұрмыс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жаңатұрмыс ауылының көшесіне "Ағайынды Жұбановтар" атауы берілсін.

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қ. Жұбанов атындағы
ауылдық округінің әкімі:
Б. Құлмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады