Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 75 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 16 қаңтарда N 3-10-95 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 06.12.2018 № 280 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы: хатшысы:
      Р.САТАНОВА С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА

  Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 75 шешіміне N 1 қосымша

Темір ауданының Темір қаласының сату мақсаты үшін арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы

      РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұскасын қараңыз.

  Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 75 шешіміне N 2 қосымша

Темір қаласының сатуға арналған жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ нөмері

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

I

2.0

II

1.5

III

1.0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады