Қайыңды ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 30 маусымда N 3-10-74 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 09.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабына 2-тармағы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Қайыңды ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Қайыңды ауылдық округ әкімі шешім етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 09.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қайыңды ауылының атаулары жоқ:
      1) N 1 көшесіне Батыс;
      N 2 көшесіне Ойыл;
      N 3 көшесіне Астана;
      N 4 көшесіне Мектеп;
      N 5 көшесіне Достық;
      N 6 көшесіне Орман;
      N 7 көшесіне Жастар;
      N 8 көшесіне Бабатай;
      N 9 көшесіне Жігер атаулары берілсін.
      2) Бабатай ауылының N 1 көшесіне Жиенәлі Хазірет, N 2 көшесіне Қызыл Тұрдалыұлы, N 3 көшесіне Жансен Кереев деген атаулары берілсін. 3) Шибулақ ауылының N 1 көшесіне Бұлақты, N 2 көшесіне Саға, N 3 көшесіне Теріскей деген атаулары берілсін.
      2. Осы шешім Әдлет органдарынада мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қайыңды ауылдық округінің әкімі М Үмбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады