Тассай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 желтоқсанда № 3-12-72 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 17.08.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауы орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тілінлегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 06.04.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35 - бабының 2 – ші тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңы 14 – бабының 4 – тармақшасына және Тассай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Тассай ауылдық округ әкімі:

      ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге озгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 17.08.2015 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен

      Тассай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Тассай, Көкпекті селоларының көшелеріне атау берілсін.

      Ескерту. Бірінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілінлегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 06.04.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Тассай елді мекеніне – Дөң, Ардагерлер, Тассай, Абай, Орталық, Тәуелсіздік, Наурыз, Қобланды батыр, Бейбітшілік, Әйтекеби, Достық, Есет Батыр атты көшелер. Осы көшелерге селодағы барлық үйлер жатқызылады.
      2. Көкпекті елді мекеніне – Көкпекті және Желтоқсан атты көшелер. Осы көшелерге селодағы барлық үйлер жатқызылады.
      3. Осы шешім Әділет мекемесінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тассай ауылдық округінің әкімі. С.Х. Бақытов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады